Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бижан» барда, сапалы ет өнімдері бар - АРҚА АЖАРЫ

«Бижан» барда, сапалы ет өнімдері бар

Көкшетаудағы «Бижан» ет өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осыдан он екі жыл бұрын іске қосылып, содан бері тұрғындарды ет және ет өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.

Аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын серіктестік Алматыдағы «Бижан» ет өңдеу зауытының» филиалы болып табылады. Облыс орталығында орналасқан оның дүкендеріндегі өнімге жергілікті халық тарапынан сұраныстың көп екенін күн сайын өз көзімізбен көріп жүрміз. Кәсіпорын 1998 жылы қазанда Алматы қаласында ашылып, кейін жер-жерде өзінің филиалдарын іске қоса бастады. Біздің облыс орталығында аталмыш серіктестік 2011 жылы жұмысын бастап, ең алдымен ауысымдық қуаты 70 ірі қара малды сойысқа жарататын мал сою цехын ашқан болатын. 2013 жылы ірі қара малды бордақылау базасы іске қосылып, қазір мұнда шамамен 4 жүзге жуық мал бордақыланады.

Серіктестің директоры Шакихан Антаевтың мәлімдеуінше, цех толық іске қосылғаннан кейін жергілікті халықты консервілермен, шұжық өнімдерімен, басқа да ет өнімдерімен қамтамасыз етуге және мал шаруашылықтарынан ірі қара малды сойысқа өткізуге мүмкіндік туды. Ет өңдеу кешенінде 150-ден астам адам жұмыс істейді.  Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 190-200 мың теңге шамасында.

Бүгінде серіктестікте ет, шұжық, жартылай фабрикат, консерві жасайтын цехтар мен тоңазытқыш, тағы басқа қосалқы жұмыс буындары бар. Қазіргі кезде кәсіпорын цехтары ауысымына 28 тонна ет өңдейді, оның ішінде бордақыланған малдан 16 тонна ет өңделсе, 5 тонна шұжық пен 7 тонна консерві күйіндегі бұқтырылған ет шығарылады. Жалпы бұл ет өңдеу кәсіпорны отандық рынокта ширек ғасырға жуық жұмыс істеп жатыр. Бас директоры және құрылтайшысы – Хадиша Бижан. Ақмолада филиалдың ашылғанына да он екі жыл болды. Бүгінде өнімдерімізді бүкіл еліміз бойынша іске асырып, халықты етпен қамтудамыз. Көкшетаудан шығатын өнімдер өз облысымызға қоса, Астананың азық-түлік белдеуін орындау мақсатында Елордаға және солтүстік аймақтарға жіберіледі. Соның ішінде «халал» өнімдерге астаналықтар мен оңтүстік аймақтардың тарапынан сұраныс өте жоғары. Шет елдердің де сауда рыногына шығу жоспарымызда бар. Сонымен бірге, өнім көлемін арттыру, жаңа өнім түрлерін шығару жоспарлануда, – дейді серіктестіктің Ақмоладағы филиалының директоры Шакихан Антаев. Биыл кәсіпорын қосымша жартылай фабрикаттар дайындайтын жаңа цех пен көкөніс цехын да іске қосыпты.

Қазір Көкшетаудың шағын аудандары мен көшелерінде «Бижан» ет өнімдерін жүзеге асыратын шамамен 10 шақты фирмалық ет дүкені бар. Солардың біріне барып, ет өнімдері мен жартылай фабрикатты, консервіленген өнімдердің қолжетімді бағада екендігін де көрулеріңізге болады.

Мен аптасына бір рет келіп, осы сауда орнынан үйге күнделікті тамақтануымызға қажетті шұжық, фарш, гуляш, тұшпара секілді өнімдерін алып тұрамын. Бағасы да қолжетімді, етінің дәмі де жақсы. Бұл фирманың ұлттық тағам ретінде шығаратын қазысы мен шұжығының дәмі де тіл үйіреді,– дейді Көкшетау қаласының Әуелбеков көшесінің бойындағы «Бижан» дүкенінен азық-түлік алатын Ботагөз апай.

Серіктестік ет-шұжық өнімдерінің 80 түрін шығарып, Қазақстанның азық-түлік рыногы көрмесінің 10 алтын медалін жеңіп алған. «Сырттан қосымша шикізат аласыздар ма?» деген сауалымызға: – Біздің өз иелігімізде бордақылау алаңы бар және Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан жеткізілген шикізатты да пайдаланамыз. Оның өзіне де талап жоғары, яғни, арнайы бордақылау алаңдарында семіртілген малдар болуы тиіс, – дейді серіктестіктің директоры.

«Халал» стандартымен жұмыс істейтін кәсіпорында Германия, Швейцария және Италияның озық құрал-жабдықтары орнатылып, кез-келген өнім қазіргі заманғы технология бойынша өңделеді. Осындай серпінді ұмтылыстарға бағыт алған серіктестік еліміздің экспорттық әлеуетін нығайтуға салмақты үлес қосып келеді. Жалпы, компания қайырымдылық істерді де алға қойған. Ардагерлер ұйымдарына,  мүгедектер мен көпбалалы отбасыларына, балалар үйлері мен діни ұйымдарға материалдық көмек қолын созады.

«Бижан» ет өңдеу кешенін» қазіргі таңда жаңадан ашылған көпфункционалды кәсіпорын деуге толық негіз бар. Сауда рыногында да оған деген сұраныс жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Мұнда өнімдерінің жоғары сапасы мемлекеттік сертификаттармен расталған.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар