2023 жылдың 4 қаңтарында Ақмола облысы прокурорының орынбасары Ерболат Жүсіп Егіндікөл ауданында жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғындар ауданның инфрақұрылымын дамытуға қатысты түйткілді мәселелерін айтты. Сондай-ақ, азаматтар Егіндікөл ауданын сумен қамтамасыз ету мәселесіне және 250-нысан бойынша декларацияны тапсыру қажеттілігі мен мерзіміне тоқталды.
Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша ауызша түсіндірулер берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы.