Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылы жобалық кеңсе ретінде өз қызметін мәдени-ағартушылық және танымдық жобаларды іске асыру, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясыныңқоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерімен  өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жұмыстаратқару бағытында жүргізді.

Өңірлік жобаларды  жоспарлау барысында біз қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша облыстың этномәдени бірлестіктері мен этностарының қызметін жандандыру міндетін алға қойғанымызды атап өту маңызды. Осылайша, мәдениетті дамытуға, дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған «Ел бірлігі» және «Достық дәмі» жобалары жүзеге асырылды. Ал, жыл ішінде жасалған жобалар саны 13.

Бірегей «Достық дәмі» жобасы аясында 10 шақты сапар жасалып, оның шеңберінде  2000-нан астам адам қамтылды. Фестивальдің қорытындысы бойынша этникалық топтардың, олардың ішінде кәріс, неміс, татар, белорус, украин, поляк ұлттарының өкілдері, сондай-ақ, мордва, әзірбайжан, шешен және армян этностары сияқты шағын этникалық топтардың өкілдері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, «Отаным – тағыдырым», «Бірлігіміз әралуандықта»   жобалары аясында4000-нан астам адамды қамтитын 80-нен астам кездесу өткізілді.Достық үйінде этнос өкілдері арасында қазақ тілінде сөйлеуді дамытатын «Мәміле» пікірталас клубы және мемлекеттік тілді үйренушілерге курстар ашылды.

Жалпы, облыста 46 этномәдени бірлестік тіркелген. Оның 19-ы қоғамдық аккредиттеуден өтті.  Достық үйінің ғимаратында 17 этномәдени бірлестіктің  кабинеті орналасқан. Ағымдағы кезеңде облыстың этномәдени бірлестіктері 5500-ден астам адамды қамти отырып, 190-ға жуық іс-шара өткізді.

Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы облыстың басқа да қоғамдық құрылымдарымен тығыз қарым-қатынас жасайды.Атап айтқанда,  Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер клубы, Ақмола облысындағы «Ассамблея жастары»  қоғамдық бірлестігінің өкілдігімен өзара әрекеттеседі. Жалпы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында аталған құрылымдар 42 мың адамды қамтыған бір мыңнан астам  іс-шара өткізген.

Есепті кезеңде этномәдени бірлестіктер, ҚХАА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, еріктілер орталығы 3 943 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетті. Бұл бастама 22 350 адамды қамтуға мүмкіндік берді.

Жол карталарын орындау шеңберінде шалғай ауылдардың және этностар жинақы тұратын аудандардың тұрғындары арасында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілді. Мәселен, ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің сарапшылары 6 елді мекенге барып, өз қызметтерін елмен етене қоғамдасып атқарды. Олар этностар жинақы тұратын Атбасар, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Біржан сал, Сандықтау, Шортанды және Степногорск қалалары сияқты аудандарында болып келді.

Өткен жылғы жұмысымыздың басты бағыты этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау, бірлік пен келісім мәселелері бойынша ағарту жұмысын жандандыру болды.Осылайша, алдағы уақытта да бұл белгілеген бағытымызды өзгертпей, тиісті міндеттерімізді жауапкершілікпен атқарып, облысымыздың қоғамдық-саяси, мәдени, ұлтаралық келісім жұмыстарына барынша ат салысамыз.

Ермек НҰҒЫМАНОВ,
«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар