Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыла көтерген жүк жеңіл - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының жастарресурстық орталығы жанындағы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде өңірдің волонтерлік орталықтарының мемлекеттік органдар өкілдермен кездесу өткізді. 

Іс-шарағаАқмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Әмір Амангелдинов, облыстық білім басқармасы басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыМарина Ли, Ақмола облысының полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Разия Курсановажәне волонтерлік орталықтардың басшылары мен орынбасарлары қатысты.Кездесудің негізгі мақсаты өңірдегі волонтерлермен атқарушы органдардың бірігіпжұмыс жасауына ықпал ету, іс-шаралар ұйымдастырудағы екі жақты жұмысты нығайту және жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

Шара барысында өзара ынтымақтастық, алдағы уақытта бірлесіп, қоғамға пайда әкелу, қайырымдылық жолында жүрген жастардың қатарын көбейту жайында сөз қозғалды. Сонымен қатар, орталықтардың және шақырылған мемлекеттік ұйымдардың өкілдері өздерінің қызметтері жайлы таныстыра отырып, игі жұмыстар бойынша қандай қолдауға жүгінетіндері туралы пікірлерін білдірді.Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының өкіліРазия Курсанова өз сөзінде қазіргі таңда есірткі сатумен айналысатын жас буынның алаңдататыны жайлы, мектеп жасындағы оқушылармен профилактикалық жұмыстарды жиі өткізу керектігі және әрбір волонтерлік ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендіктерін айтты.

–Әрбір волонтерлік орталық түрлі бағытта жұмыс жасауда. Десекте, әр орталықтың жұмысын тек бірігу арқылы жүзеге асырған жөн деп санаймын. Бүгінгі кездесуден кейін әр мемлекеттік орган өз бағыттары бойынша қол ұшын беріп қолдап жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Сондай-ақ, қалған орталықтар әлеуметтік желілерде өзара ақпараттық тұрғыдан көмектерін көрсетсе деймін. Себебі, жоғалған адамды іздестіру жұмысымен тікелей айналысатын «Лидер кз» ұйымы көбінесе ақпараттық көмекке жүгінетінін айта кету керек,– деді «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы Дидар Хамзин.Шара соңында волотерлер өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар