Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді еліміздің Бас қаласы – Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – халқымыздың асқақ арманы мен жарқын болашағының символы. Бас қала Тәуелсіздігіміздің тұғыры нығайып, мемлекетіміздің мәртебесі биіктей түскенінің айқын көрінісіне айналды.

Ақмола облысы ел астанасының іргесінде орналасқандықтан, елордамен әлеуметтік-экономикалық байланысы берік орнығып, өзара ынтымақтастық жаңа серпін алуда. Бүгінде облысымыз Астанамен бірге өсіп-өркендеп, бірлескен жобалар арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуда.

Бұл мереке әрқайсымыздың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ортақ мақсат жолында бірігуге күш береді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, өңірімізге тұрақты даму мен жаңа табыс тілеймін!

Астана күні құтты болсын!

 ***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Депутаттық корпус және өз атымнан Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – ел бірлігі мен тәуелсіздігіміздің, ілгерілеу мен өркендеудің символы. Қалыптасу жылдарында елордамыз тек саяси және әкімшілік орталық қана емес, бүкіл ұлттың мақтанышына айналды. Ол – амбицияның, болашаққа деген сенім мен ұмтылыстың, Қазақстан халқының жасампаз қуатының айқын бейнесі.

Елорда күні әрқайсымыз үшін қымбат мереке. Бұл күн бірлік пен татулықтың, даму мен бейбіт өмірге ұмтылыстың белгісі. Астанамыздың серпінді дамуы, заманауи жетістіктері мен ерекше сәулеттік келбеті баршамызға мақтаныш сезімін тудырады. Бұл мереке бізді жаңа биіктерге ұмтылдырып, өркендеуге шабыттандырады.

Ақмола облысы елордамен тығыз байланыста. Аймақтың дамуы бас қаланың өсіп-өркендеуімен өзара сабақтас. Біздің мыңдаған тұрғындарымыз күн сайын сонда жұмыс істеп, Астананың дамуы мен әл-ауқатына сүбелі үлес қосады.

Облыстың барлық тұрғындарына зор денсаулық, бақыт және туған өлкеміз бен бүкіл еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар