10 тамыз — құрылысшылар күні
Құрметті құрылыс саласының өкілдері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылысшықашан да қоғамда үлкен құрметке ие, абыройлы да жауапты мамандық иесі. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында елді мекендердің келбеті жаңарып, заманауи тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтеруде.
Бүгінде құрылыс қарқыны бойынша Ақмола облысы республика көлемінде алғашқы орынға шықты. Тек биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде 300 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Облыстың барлық аудандарында мектептер, балабақшалар, медициналық және спорттық нысандар салынып жатыр. Бюджеттік құрылысқа тартылған жұмыс күшінің 95 пайызы жергілікті тұрғындар. Бұл өңірдің еңбек нарығына оң әсер етіп, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға сеп болуда.
Құрылыс саласының жетістігі тек экономикалық көрсеткіш қана емес, ол әр отбасының баспаналы болуы, әр баланың жылы әрі жайлы мектепке баруы, тұрғындардың жайлы өмір сүруі. Бұл жолда сіздердің сіңіріп жатқан еңбектеріңіз елеулі әрі ерекше.
Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, жаңа жобалар мен жарқын жетістіктер тілеймін! Құрылыс нысандарында тек сәттілік серік болсын!
***
Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қай заманда да құрылысшы мамандығы қоғам үшін аса маңызды, қадірлі мамандықтардың бірі болып келеді. Жаңа ғимараттың әрбір кірпіші, әрбір қабырғасы сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі.
Соңғы жылдары аймағымызда жүздеген мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жеке тұрғын үй құрылысы белсенді дамып келеді. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары салынуда және жаңғыртылуда, оның ішінде ауылдық елді мекендерде де.
Облыста инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға, қалалар мен ауылдарды абаттандыруға, заманауи қалалық ортаны қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінуде.
Халық қалаулыларының атынан сіздерге қоғам игілігі жолындағы табанды еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте сәттілік пен жаңа жетістіктер тілеймін. Елімізде тыныштық, әр шаңырақта ынтымақ-береке болсын!
Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.
![]()

