Жаны толы жылылық еді

Еске алу

«Көкшетау» облыстық, қалалық газеттерінің бұрынғы қызметкері, жан досымыз Райхан Жанатаеваны сұм ажал қабырғамызды қайыстырып, ортамыздан ойып әкеткеніне бір жыл уақыт өтсе де,  әлі күнге дейін орны толмай тұр.

Райхан 1958 жылы  23 шілдеде Ақмола облысы Зеренді ауданының Үлгілі ауылында, Қайыржановтар әулетінде дүниеге келді. Көкшетау қаласының осы күнгі Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 қазақ орта мектебін бітірді.

1981 жылы Бақытбек екеуі отау құрып, Рустам, Eрлан атты ұлдары туып және оларға білім мен тәлім-тәрбиені молымен беріп, мәпелеп өсірді. Бүгінгі күні екі ұлдары екі үлкен отбасын құрып, жоғары лауазымды қызметтерге ие болып, ата-анасына жеті немере сүйгізді.

Райхан 1981 жылдан бастап облыстық «Көкшетау» газетінің редакциясында көп уақыт бойы хат бөлімінде қызмет атқарды, одан кейін қалалық басылымда корректор болып жұмыс істеді. Енді арамызда жоқ асыл Райханымыздың жатқан жері жайлы да жарық, жаны жәннатта, тәні рахатта болсын деп тілеймін және төмендегі өлең жолдарын жолдаймын.

 Бақытбек, Райхан жолдастарыма

Жолдас болдық  қырық жылдан асқан,
Тату-тәттілігіміз тамаша  жарасқан.
Әріптес және көрші де болдық,
Сыйластығымыз бүгінге дейін жалғасқан.

Кетпейді өткен өмір жолдары естен,
Құрдас та болдық тай құлындай тебіскен.
Оқу оқып, сонау Ресей елінен келгенде,
Бақытбек еді, пәтер алуға көмектескен.

Райхан ақ көңіл еді, адал ниетті,
Мінезі қарапайым, мәдениетті.
«Көкшетау» газетінің ұжымында,
Аянбай біраз жылдар еңбек етті.

Тым ерте Райханның бұл өмірден,
Кеткені кетпейді шын көңілден.
Адамгершілік қасиеттің барлығы,
Бойынан табылушы еді молымен.

Еріксіз көзіме жас келеді тамшысымен,
Алладан сұраймын, «Жұмаққа алшы», деп мен.
Туыс, ағайын, дос, жаранға жасаған,
Райхан есімізде қалады жақсы ісімен.

Бұл өмірден кеткеніне әлі де сенбеймін,
Алыстап кеткен сағымға да теңеймін.
Жатқан жерің жарық, жайлы болып,
Жұмақта орның болсын деп тілеймін.

Таймаймыз ата жолы, ғұрыптан біз,
Жақсының жақсылығын шын ұққанбыз.
Райхан аруағың қолдап жүрсін,
Біз өзіңді ешқашан ұмытпаймыз!

Айсиндер әулетінен Нұрлан, Камила.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар