Қайтқан малдың қайыры бар

Облысымызда прокуратура қайтарған активтерге дәрігерлік амбулатория салынуда.

Жарқайың ауданының прокуроры Олжас Уәлиев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, әлеуметтік нысан Пятигорское ауылында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Бұл амбулатория прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен салынып жатыр.

Бұл жоба елді мекенге жақын орналасқан алты ауылды қоса алғанда, 1800-ден астам тұрғынның алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыс толық аяқталуға жақын. Дәрігерлік амбулаторияның іске қосылуы ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жоспарланған.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар