Өнім негізі тұқымынан

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның қатысуымен Атбасар ауданында «Тұқым күні – Тұқым-2026. Атбасар» халықаралық конференция-көрмесі болып өтті деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Конференцияда сөйлеген сөзінде облыс әкімінің орынбасары өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде тұқым шаруашылығын дамыту мен заманауи агротехнологияларды енгізудің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, агробизнес өкілдерінің және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өкілдері қатысты.

Іскерлік бағдарлама аясында конференцияға қатысушылар өсімдік шаруашылығы саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалық бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, тұқым шаруашылығын дамыту және оны мемлекеттік қолдау шаралары, шығымдылығы жоғары ауыл шаруашылығы дақылдары, Ақмола облысының жағдайына сай келетін перспективалы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары, метеожағдайларға бейімделген жасымықтың жаңа сорттары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің озық тәжірибелері мен технологиялары сөз болды.

Конференцияның көрме бөлігінде тұқым шаруашылығын, өсімдіктерді қорғауды, агрохимия, цифрлық шешімдер мен агротехнологиялар саласындағы инновацияларды қамтыған отандық және шетелдік 20 компанияның заманауи технологиялық шешімдері ұсынылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар