Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Табысы аз отбасылардың балалары азық-түлік жиынтықтарын алуда - АРҚА АЖАРЫ

Табысы аз отбасылардың балалары азық-түлік жиынтықтарын алуда

Қазақстанда табысы аз отбасыларының балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтамалармен қамту жалғасуда. Еліміздің он бір өңіріндегі 85 ауданда аз қамтылған отбасыларына азық-түлік жиынтығы берілді. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Павлодар қалалары бар.

Олардың 9,6 мың отбасында тәрбиеленіп жатқан 17,6 мың бала алып отыр. Алдағы уақытта атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 64 мың бала қамтылады деп жоспарлануда.
Қарағанды ​​облысының тұрғыны, 4 баланың анасы Мәдина Айнашеваның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек, яғни, қосымша әлеуметтік топтама ұсыну мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау болып табылады.
–Мен қазір үйдемін, сондықтан, кепілдік берілген әлеуметтік топтама түріндегі әлеуметтік қолдау – елеулі көмек. Азық-түлік жиынтықтарына өте ризамын, өте жақсы іріктелген, дәруменге бай. Әлеуметтік топтамада әртүрлі өнімдер көп, бұл қуантады. Балалардың сұранысын орындауға бәрінің бірдей мүмкіндігі бола бермейді, ал, жиынтықтарда бал, печенье, таңғы ас бар. Отбасында күйеуім ғана жұмыс істейді, жалақысы аз. Үлкен балалар жазғы демалыста болған кезде мен жұмыспен қамту орталығы арқылы уақытша курьер болып жұмыс істедім. Кенже қызым 3 жаста. Жақында біз оны балабақшаға беруді жоспарлап отырмыз, сонда жұмысқа тұруға болады. Қазір көп балалы отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұрмыз, – деді Мәдина Айнашева.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында АӘК тағайындау тетігін оның ашықтығын, әділдігін және еңбекке деген ынтасын қамтамасыз ету мақсатында іске асыруға тапсырма берген болатын. Мемлекеттік көмектің жаңа шаралары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап кешенді түрде жүзеге асырылады және оған көп балалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, табысы аз отбасылардағы балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама кіреді.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған КБӘТ азық-түлік жиынтығын және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын қамтиды. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мектептерде ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп киімдерін беру көзделеді. Сондай-ақ, осы санаттағы балалар үшін мектепке дейінгі жол жүру шығындарын өтейтін болады.
Азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты өз құрамы бойынша ерекшеленеді: 1 жастан 3 жасқа дейін және 3 жастан 6 жасқа дейін. Бірақ, әлеуметтік топтаманың құрамы өңірге қарамастан бірдей. Жиын құрамы физиологиялық ерекшеліктерді, азық-түліктің тағамдық және энергетикалық құндылығының ара қатынасын және жасына сәйкес оларды пайдалану нормаларын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары негізінде құрылған. Өнімдер дәруменге бай, бұл өсіп келе жатқан организмдегі дәрумендердің жетіспеушілігін өтеуге мүмкіндік береді.
1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған жиынтық сүт, печенье, ботқа, үлпек және балалар пюресі. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтығы сүттен, макароннан, сұлы үлпектерінен, күнбағыс майынан, гематогеннен, таңғы асқа арналған сүт жастықтарынан, балалар печеньесінен, арпа, қарақұмық жармасынан, бұршақ пен балдан тұрады.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия тауарларының жиынтығына тіс пастасы, щетка, крем-сабын, сабын, сусабын, ұнтақ және крем кіреді. Табысы аз отбасының әрбір баласына осы жиынтық тоқсан сайын берілетін болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар