Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучинск қаласынан келген 2 ересек және 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған. Өкінішке орай, 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алған.
Оқиға орнына Щучинск қаласының №6 құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Чуйко бастаған құтқарушылар — Андрей Жуков, Юрий Лютовский, Тимур Негметов, Амангелді Сәдуақасов және Александр Усольцев бағытталды. Құтқарушылар әйелді 400 метр биіктікте және ұзындығы 2 км болатын таудан зембілге түсіріп, жедел жәрдем көлігіне тапсырды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.