Search Results for: Жолдау

 Егіндікөл ауданы ауыз судан қиындық көріп отыр

Су қауіпсіздігі  туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында да айтылды. Облысымызға қарасты Егіндікөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ауыз судың жоқтығына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай, оқырманға түсінікті болу үшін ауданға хабарласып, мән-жайды анықтадық.  Ауданның Бауманское және Қоржынкөл ауылдары екі айдан астам уақыттан бері орталықтандырылған ауыз судан ажырап қалған. Сондықтан, ағымдағы жылдың екінші маусымы күні ресми түрде Нұра топтық су құбырынан ұзақ уақыт бойы ауыз судың болмауына байланысты ауданда техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Нұра топтық су құбыры – мұндағы жалғыз ауыз су көзі. Ал, ол толықтай шіріп кеткендіктен, ауылдарға мүлде су келмейді екен. Аудан басшысының мәліметінше, су құбыры өткен ғасырдың 80 жылдары тартылған. Осы уақыт ішінде құбыр мүлде тозып, жарамсыз күйге түскен. – Қазіргі уақытта металл құбырдың шіруі 80-90 пайызға жеткен.…
Read More

Жайылым мәселесі шешілмей, ауыл таршылық көре береді

Соңғы жылдардағы құрғақшылық мал шаруашылығын дамытуға кедергі болып тұр. Көктем туғалы нәр тамған жоқ. Оның үстіне табиғи шабындықтар мен жайылымның жайы малсақ қауымды алаңдатып отыр.  Мамандардың есептеуіне қарағанда, бағымдағы малға қажетті жемшөптің 70 пайызы негізінен, табиғи шабындықтардан жиналады. Біздің өңірдегі шабындықтардың түсімі азайып, құнары қашқалы не заман?! Оған себеп ең алдымен тиісті күтім жасалмайтындығында. Оның үстіне бұрынғы шабындық пен жайылымдық алқаптарды шамадан тыс, көп пайдаланудың салдарынан малға жұғымды, нәрлі шөптер тұяқкесті болып, есесіне мал жемейтін әрқилы шөп жылдам көбейіп, жер тозып бара жатыр. Қазіргі болжам бойынша табиғи жайылымдардың едәуір бөлігі зиянды және улы өсімдіктермен ластанған. Елімізде жайылымдық жер көлемі 184,3 миллион гектар жерді құраса, ауыл шаруашылығы жері осы көлемнің 83,9 пайыз үлесін қамтиды. Осыншама жердің дәл қазір 14-15 пайызы әбден тозған. Ендігі мақсат, кәдеге аспай жатқан осы жерді сауықтыру. –Ертеде…
Read More

Сақтандыру төлемдерін алу жеңілдетіледі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының бастығы Ақыл Қарпықбаев жол-көлік оқиғалары кезінде сақтандыру сыйақысын төлеуді жетілдіру мәселесі  жөнінде  брифинг өткізді. Биылғы жылы бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті электрондық қылмыстық іс жүйелерін, әкімшілік іс жүргізулердің, тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімін және талдау орталығын жетілдіру бойыншажіті жұмыс жүргізуде. Мұндағы басты мақсатазаматтардың құқықтарын қорғау, сот төрелігіне жылдам қол жеткізуді және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. −Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғалары  салдарынан сақтандыру ісі басталған кезде азаматтардың сақтандыру төлемдерін алу процесін дебюрократизациялау шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілім жүйесі Мемлекеттік кредиттік бюроның ақпараттық жүйесімен іске асырылды.  Аталмыш жүйе әкімшілік істерді электрондық форматта жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, бұл процесті автоматтандыру жол көлік оқиғасы кезінде сақтандыру төлемдерін алу уақытын едәуір қысқартады. Енді азаматтарға  жол-көлік…
Read More

Тілді туралы заң талаптары ескеріліп отырады

Ұлтымыздың басты құндылығы, рухани қазынасы, қоғамды біріктірудің кепілі – мемлекеттік тіл. Қазақтың ұлы ағартушысы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың«Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген қанатты сөзі еліміздің барша азаматтарына, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білудің қаншалықты маңызды екенін аңғартады. Ендеше, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктету – мемлекет үшін де, әрбір мемлекеттік қызметші үшін де басты парыз. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңға сәйкес, мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы дегенді тағы да қайталап айтсақ артық емес. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, елдің…
Read More

Тұрғындар тыныштығы мен қауіпсіздігі қымбат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевхалыққа жолдаған биылғы Жолдауында құқық қорғау органдарын реформалау мәселелерін көтерді. Бұл басты құжатта соңғы кезде адам өлтіру, қарақшылық жасау сияқты ауыр қылмыстар көбейіп бара жатқандығы, аса қатыгездікпен жасалатын мұндай әрекеттер бүкіл қоғамға қатер төндіретіндігі ерекше айтылды. Сонымен бірге, Ішкі істер министрлігіне отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу, синтетикалық есірткі тұтынушылардың көбеюін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде кешенді жоспар әзірлеу, Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге айрықша назар аудару керектігі туралы тапсырмалар берді. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажеттігі мәлім.  Бұл орайда, кешенді жұмыстар министрлік тарапынан рет-ретімен жүргізілуде. Ақмола облысына келер болсақ, ағымдағы жылдың 5 айында қылмыстық құқық бұзушылықтар 15,9 пайызға дейін төмендеді, яғни, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2473-тен 2081-ге дейін азайды. Қылмыстың ауыр түрлері 23,2 пайызға, нақты айтар болсақ,…
Read More

Адам адал болмай қоғам Әділ болмас

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс. (Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзі. Түркістан қаласы, 17 маусым 2023 жыл).  Адамзат баласы адалдық пен әділдікті әлмисақтан бері іздеп келе жатқаны анық. Адалдық дегеніміз не? Әділдік дегеніміз не? Бірақ тапты ма, тапқан жоқ па сол адалдық пен әділдікті?! Және кімнен іздейді, кімнен талап етеді тағы да сол адалдық пен әділдікті?! Әр адам баласы өзін адалмын әрі әділмін дері тағы да хақ. Алайда кімнің адал және кімнің әділ екендігін дәл өлшеп-пішіп анықтап бере алатын құрал да әзірге жоқ қой,…
Read More

Ұстаз мерейі

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен кезінде ұлы ағартушы, ғалым Ыбырай Алтынсарин бабамыз. Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты биылғы Жолдауында да баса атап көрсетті. Шынымен де, ұстаз болу қиын іс. Әр баланың қилы тағдыры бір ғана жанның қолында. Және де мұғалімнің жұмысы сабақ аяқталғаннан кейін де тоқтап қалмайды, «заманына қарай адамы» дегендей, қазіргі мұғалімдердің жұмысы электрондық форматта бір тыным таппайды. Оған ата-аналармен, оқушылармен ортақ ашылған WhatsApp желісіндегі чаттарды қосыңыз. Бір сөзбен айтқанда, күн демей, түн демей ұстаздың жұмысы мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін де жалғасын табады. Мұғалім болу еріккеннің жұмысы емес екенін осыдан да әбден аңғаруға болады. Өз ісіне шынайы, таза жүрегімен берілген адам ғана бүгінгі таңда «Ұстаз» атты ұлағатты атаққа ие…
Read More

Жұмыспен қамту жаңа Әлеуметтік Кодекске сай жүргізіледі

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы жұмыспен қамту орталықтары таратылады, оның орнына еңбек ұтқырлығы мен мансап орталықтары пайда болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллинамәлімдеді. −1 шілдеден бастап Ақмола облысында қабылданған әлеуметтік Кодекске сәйкес жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы жанынан облыстық еңбек ұтқырлығы орталығы құрылады. Штат бойынша онда 30-ға жуық адам жұмыс істейді. Ал, аудандарда карьерлік орталықтар құрылатын болады. Ең бастысы,облыстың өңірлерде жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын реттеуіне мүмкіндігі арта түседі.Ақмола облысында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты реттеу мәселесі шамамен 10 жыл бойы пысықталуда. Бұдан басқа, жұмыспен қамтудың қандай да бір шараларына жолдау үшін жұмыс берушілермен және жұмыссыздармен сұраныс пен ұсыныс мәселесі бөлек талқыланады. Жұмыссыздар қажетті мамандықтар бойынша оқитын болады. Оларды оқыту үшін колледждердің тізімі бекітілді, −деді Шолпан…
Read More

Оқушы үшін барлығы «Жайлы мектеп» болуы тиіс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғанын айтқан  болатын. Қазіргі таңда еліміздің әр өңірінде, тіпті ауылдық жерлерде де жоба бойынша мектептердің іргетасы қаланып қабырғасы көтеріле бастады. Әрине, Президенттің тапсырмасын Үкімет өз қадағалауына алып отыр. Ендігісі тек істі нәтижелі әрі уақытылы аяқтау ғана. Президент әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс, – деп тапсырды.   Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалмақ. Мойындауымыз керек, бүгінде еліміздегі мектептердің басым көпшілігі үш ауысыммен оқуға мәжбүр. Әсіресе, мұндай жағдай тұрғындар көп шоғырланған қалалар мен елдімекендерге тиесілі.  Астана іргесіндегі елді мекендердегі мектептің  жайы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қамқорлығы пен бақылауында тұрғандығы бізді шын қуантады. Қазіргі таңда Ақмола облысында…
Read More

Нашақорлыққа қарсы күрес – көкейкесті мәселе

1997 жылы БҰҰ-ның кезекті ассамблеясында 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілген болатын. Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі. Ғасыр індетімен қазір төтркүл дүние жұмыла күресуде. Дегенмен ол жыл санап көптеген жанның санасын улауда. Сондықтан, осындай шараларды өткізудің маңызы орасан. Өйткені, жастарға нашақорлықтың салдарын көрсету керек, бұл тар, әрі тайғақ жолдың қайда апаратынын ұғындыру керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы – болашақ ұрпақтың жағдайына қауіп төндіріп отырғандығын айта келіп, есірткіге қарсы күресті күшейтуді тапсырғаны баршамызға белгілі. Қоғамның дертімен бірлесе отырып күресу – ортақ міндет. Өйткені, адам – қоғамның басты байлығы. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы, өзін-өзі тәрбиелей білуі, денсаулығын қорғай отырып, адамдық қасиетін жоғалтпауы, салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы өмір сүруінің өзі бір бақыт. Есірткімен…
Read More

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

 Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!  Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасы – жалпыұлттық қазына. Бұл қазына әрдайым қуатты, шығармашылық нәрге ие әрі қоғамның дамуына, желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуге мықты негіз болады. Мәдени құндылықтар біздің өміріміздің маңызды аспектілерінің бірі әрі әрдайым рухани байлығымызды молайтатын нәр болып қала береді. «Қоғамды  топтастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелерінде елдің тарихи мұрасы мен мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға үлкен рөл беріледі. Бұл тұрғыда Қазақстанның мүмкіндіктері кең, оның ішінде халықаралық аренада тиімді жайғастыру мүмкіндіктері де бар» деп атап өткен болатын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында. Облысымызда мәдениет саласын дамытуға мейлінше көп көңіл бөлінуде. Соңғы үш жыл ішінде 78 нысанды жөндедік. Бұл жұмысқа бюджеттен 4,8 миллиард теңге қаражат бөлінді. Үстіміздегі жылы 5 миллиард теңге бағытталмақ. Бұл қаржыға 8 мәдениет нысанын…
Read More

Екі жақты пайдалы кездесу

ZOOM платформасы арқылы бейнебайланыс режимінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік даму және ғылым комитеті мүшелерінің облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттарының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияларының төрағаларымен кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ, бірқатар орталық мемлекеттік органдардың – Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары шақырылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»атты ел халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде білім беру және еңбек салаларын дамыту мәселелерін талқылады. Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташева біздің өңірдегі Жолдауды іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз сөйлеп, бірқатар ұсыныстар айтты. Кездесуге қатысушылар көптеген өзекті тақырыптарды көтерді, бейінді министрліктердің өкілдерімен мазмұнды диалог өтті. Айнагүл Қыдырбайқызы сенаторлармен алғашқы кездесу іскерлік негізде өткенін, Сенат пен мәслихат депутаттарының өзара іс-қимыл нүктелері белгіленгенін атап өтті.…
Read More

ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Қазақстан Журналистер одағы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мерекесіне (Журналистер күніне) орай жыл сайынғы дәстүрлі байқау өтетіні туралы хабарлайды. Байқаудың биылғы басты тақырыптары келесідей: Қазақстан экономикасының, компанияларының, мамандарының дамуы; импортты алмастыру, инновациялық технологияны қолдану; Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарының сайлауы; ғылымдағы, заңнамалардағы, экологиядағы, денсаулық сақтау саласындағы, білім мен мәдениеттегі жаңалықтар мен мәселелер; табиғи апаттар кезіндегі қазақстандықтардың көмегі, күнделікті өмірдегі қайырымдылық және өзара көмек: спорт және салауатты өмір салты; жас дарындар: әр түрлі саладағы талантты жастар, жасөспірімдер, балалар туралы материалдар. Дәстүрлі түрде байқауға қатысушылардың тақырыбы да, формасы мен жанрлары да әр түрлі болады. Байқауға 2022 жылдың 1 маусымынан бастап 2023 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған материалдар, фотографиялар, радио-бейнесюжеттер қабылданады. Байқауға жіберілген материалдар саны 5-тен көп болмауы керек. Материалдарды қабылдау 2023 жылдың 10 маусымы күні аяқталады. Материалдар мен анкеталық…
Read More

Сенаторлар Ақмола облысында болды

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері» тақырыбы бойынша Ақмола облысында көшпелі отырыс өткізді. Комитет төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде ауылдық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті. Депутат Сенаттың негізгі функцияларының бірі – өңірлердің мүдделерін білдіру екенін және мұндай кездесулер өңірдегі проблемалардан хабардар болуға, сондай-ақ бар мәселелерді шешу жолдарын талқылауға жақсы мүмкіндік беретінін еске салды. «Сенаторлар бүгінгі таңда ел өңірлерімен тығыз байланыста және билік пен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің арасын жалғайтын байланыстың бір буыны болып отыр. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің жұмысында АӨК дамыту, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелеріне баса мән беріліп келеді, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі…
Read More

Қаламгерлерге арналған байқау

Қазақстан Журналистер одағы 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мерекесіне (Журналистер күніне) орай жыл сайынғы дәстүрлі байқау өтетіні туралы хабарлайды. Байқаудың биылғы басты тақырыптары келесідей: Қазақстан экономикасының, компанияларының, мамандарының дамуы; импортты алмастыру, инновациялық технологияны қолдану; Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаты депутаттарының сайлауы; ғылымдағы, заңнамалардағы, экологиядағы, денсаулық сақтау саласындағы, білім мен мәдениеттегі жаңалықтар мен мәселелер; табиғи апаттар кезіндегі қазақстандықтардың көмегі, күнделікті өмірдегі қайырымдылық және өзара көмек: спорт және салауатты өмір салты; жас дарындар: әр түрлі саладағы талантты жастар, жасөспірімдер, балалар туралы материалдар. Дәстүрлі түрде байқауға қатысушылардың тақырыбы да, формасы мен жанрлары да әр түрлі болады. Байқауға 2022 жылдың 1 маусымынан бастап 2023 жылдың 1 маусымына дейін жарияланған материалдар, фотографиялар, радио-бейнесюжеттер қабылданады. Байқауға жіберілген материалдар саны 5-тен көп болмауы керек. Материалдарды қабылдау 2023 жылдың 10 маусымы күні аяқталады. Материалдар мен анкеталық…
Read More