Польшаның гуманитарлық көмегі

Польшадан коронавирус пандемиясына байланысты елімізге отандық «SCAT» авиакомпаниясының чартерлік рейсімен 100 мың дана қайта қолдануға болатын қорғаныс маскалары келді.

Сонымен қатар, Любомирский князі қоры қазақстандық мектеп оқушыларына қашықтықтан оқытуға арналған дербес компьютерлер мен ноутбуктарды сыйға тартты. Ол елімізге «Wipasz» поляк компаниясының қамтамасыз етуімен жеткізілді.
Бұған дейін де осы жылдың 17 наурызы мен 12 сәуірі аралығында коронавирус індетіне орай, елімізге АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және Біріккен Араб Әмірлігінен осы тектес қайырымдылық көмегі келген болатын.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар