Қайнаған қызу еңбек қайтарымы

Ел экономикасының қарқынды дамуы – әр мамандық иесінің өз ісін жете меңгеріп, жоғары дәрежеде атқаруына тікелей байланысты. Сондай мәртебелі мамандықтың бірі – құрылысшы.

Соңғы жылдары елімізде құрылыс саласының өркендеп, қанат жайып келе жатқаны айтпаса да анық. Біздің Бұланды ауданында да соңғы жылдары көптеген нышандары бой көтерді. Ұзақ жылдар үй кезегінде тұрған қаншама отбасы баспаналы болды. Қазірдің өзінде бірнеше тұрғын үй салынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – қаламыздағы №5 орта мектебі. Қыста суықтан аңырап, жазда төбесінен су тамшылап тұратын мектепке биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызу жұмысқа бел шеше араласқан құрылысшылардың ішінен Ауғанбай Болатханұлын сөзге тарттық. Жаста болса еңбекке ерте араласқан Ауғанбай өзі туралы былай деп әңгімелеп берді.
– 2012 жылдан бастап құрылыс саласында жүрмін. Аудан орталығынан ат шаптырым жердегі Қараөзек ауылында тұрамын. 2000 жылдары бұл ауылға Атбасар ауданынан қоныс аудардым. Үйленгем, бір баланың әкесімін, – дейді ол. Көп сөзге жоқ, істің адамы еңбектің еш кетпейтіндігін жақсы біледі. Құрылыс саласындағы ұзақ жылғы тәжірибе нағыз кәсіби маманға айналдырғаны жасаған жұмыстарынан-ақ көрініп тұр. Соңғы жылдары жөндеу көрген Купчановка ауылындағы сауықтыру мекемесі және қаламыздағы көптеген үйлерде Ауғанбайдың қолтаңбасы бар. Қызу жұмыс жүріп жатқандықтан, Ауғанбайды ұзақ әңгімеге тартып тұра алмадық.
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айының екінші жексенбісін «Қазақстан құрылысшылары күні» деп жариялаған болатын. Осы орайда өркениеттің бастауы деген атқа лайық барлық құрылысшыларды төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Жайнарбек ЗАҢДЫБАЙ.
Бұланды ауданы.
Суреттерде: Ауғанбай Болатханұлы және мектептің жөндеу жұмыстарындағы құрылысшылар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар