Дарабоз  тұлға

Қызылқұмды мекен еткен Тамды халқы бүкіл жұрт есімін ардақтаған, өнегелі ісін ұрпаққа үлгі еткен біртуар дара тұлғаларға кенде болмаған. Осындай Тәуелібайдан шыққан арда азаматтардың бірі де бірегейі, ішкі істер саласының құрметті ардагері,    сарабдал    сардары, милиция полковнигі Өтеп Аяпов қызметімен ғана емес, кісілігімен де, адамгершілігіменде ел есінде қалған тұлға.

Ол қызметте білікті, білгір маман, ұйымдастырушылық қабілеті мол басшы кадр  есебінде танылды. Өтеп Аяповты бүкіл облыс жұртшылығы біледі десек, артық айтпаған болар едік. Ол  бүкіл өмірін елі мен халқына адал қызмет етуге арнады. Қатардағы  милиционерден ішкі істер полковнигіне шейін көтерілді. Өтеп ағамыздың тұстастарынан ерекшелігі, ұлтжанды, туған өңірінің нағыз патриоты бола білді. Қандай мәселе болсын  оның өзіндік көзқарасы мен пікірі болатын.

Өтеп ағаның шыр етіп жарық дүние есігін ашқан, балалық шақты өткізген, отау тігіп, шаңырақ көтерген жері – қазіргі Тамды  ауданы мен Канимех ауданының шекаралары қиылысатын жердегі Әзінек құдығының маңы. Сол кездері бұл мекенде алғашқы артельдер, ұжымдық шаруашылықтар ұйымдастырылған. Аға еңбек жолын 16 жасында туған ауылында мұғалім болып бастаған,мектептен  қолы босағанда шаруашылық жұмыстарына белсенді араласқан.

Ауыл бозбалалары қанша рет майданға сұралып, әскери комиссариат табалдырығын тоздырғанмен, ондағылар «жастарың жетпейді» деп кері қайтарумен болды. Өтекең табандылығының арқасында, армия қатарына алынып, әскери училищеге жіберілді. Украинадағы Кировоград училищесін бітіріп, кіші лейтенант атағын алған  Ө.Аяпов, соғыстың соңғы жылдары болса да, майданға кіріп үлгерді.

Украинаны азат еткен соң, Закарпатье ормандарында «лесные братья» – ұлтшыл бандеровшыларды ауыздықтауда ерекше ерлік көрсетті. Әскери қызметін 1948 жылы Қиыр  Шығыста Владивостокта аяқтады. Өтеп ақсақалдың тоғызыншы бабасы Әбілқайыр ханның кеңесшісі, «Аталық» атағына ие болған атақты батыр – Мәмбет Былғақұлы. Бұл жаужүрек батыр атамыз Тәуке, Әбілқайыр, Абылай хандардың замандасы әрі үзеңгілес жан серігі болған. 1769 жылы қайтыс болған соң Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленген.

Отыз бес жасында Каган қаласы милиция бөлімінің бастығы болып тағайындалады. Каган – тоғыз жылдың торабындағы ірі темір жол станциясы. Бірде облыстық ішкі істер басқармасынан қауіпті қылмыстық топтың Каган станциясына бағыт алғандығы, оны қалай болсын бұғақтау керектігі жөнінде шұғыл тапсырма келіп түсті. Жедел оперативтік топ құрылып, оны Ө.Аяповтың өзі басқарды. Операция ойдағыдай аяқталып, қылмыскерлер еш оқ шығармай-ақ қолға түсті Топ жетекшісін, әккі бұзақыны милиция бастығы Өтеп Аяпов шалт қимылдап қол  жекпе-жегінің тәсілдерін  қолданып, жеке өзі тұтқындаған еді. Оның батырлығын, жау жүректілігін әріптестері кейін аңыз қылып айтып жүрді.

Ол кісі облыстық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімін басқарып жүргенде де біраз үлгілі істерімен көзге түсті. Тергеушілерден тек әділдікті, біреуді нақақтан күйдірмеуді талап етті. 1964 жылдың маусым айынан 1968 жылдың сәуіріне дейін  Ө.Аяпов  Бұхара қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы болды.

кездері ол кісі Ташкент жоғары милиция мектебін, Мәскеу милиция академиясын үздік аяқтаған еді. Өтекең 1968-1972 жылдары облыстық ішкі істер басқармасының ведомстводан тыс күзет қызметінің бастығы болды. 1972 жылдың сәуір айынан 1975 жылдың шілдесіне дейін полковник шенінде Бұхара облыстық ішкі істер басқармасының штаб бастығы қызметін атқарды.Бұхара әмірінің Ауғанстанға қашып бара жатқан кезде құпия жерге тыққан алтынының табылуына байланысты оқиға Бүкілодақтық резонанс алды. Қыстақта жер қазып жатқан экскаваторшы алтын толы сандықты  тауып алған. Тиісті орындарға хабарлап, олар жетіп келем дегенше алтынның айырым бөлігі қолды болса керек.

Естіген жұрт барлық тіршілігін тастап, көмбе орнына жасынан кәрісіне дейін  шұбырған …  Облыстық ІІБ бастығы, генерал Муродов  осы істі егжей-тегжейлі тексеріп, мән-жайын анықтауды Ө.Аяпов бастаған жедел топқа тапсырды. Күнімен, түнімен жұмыс істеген топекі тәулікте алтынды қолды етті  деген қыстақ тұрғындарын анықтап, олар алып үлгерген алтын теңгелер тәркіленіп, мемлекет қорына қайтарылды.

Іс осымен жабылды деп жүргенде осы оқиғаға байланысты қайта у-шу шықты, тағы да Мәскеу араласты. Бірқатар облыс басшыларының, милиция бастығы генерал Муродовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Нәтижеде қыстақ тұрғындарынан  тәркіленген алтын толық  мөлшерде  мемлекет қазынасына өткізілмеген деген ұйғарым жасады мәскеулік комиссия. Олардың пайымдауы бойынша тәркіленген алтынның бір бөлігі  облырасында бөліске салыныпс басшылары аты.

Іс қорытындысы бойынша жауаптылар сот жауапкершілігіне тартылып, барлық атақтарынан, бірнеше үлкен кісілер ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.  Осы оқиға Ө.Аяповты да біраз әуре-сарсаңға салды. Ары таза жан  «сүттен ақ, судан таза» болып шықты. Бірақ, осы «әмір алтыны» оқиғасының оның қызметтік өсуіне салқыны  тигені сөзсіз.

Полковник Өтеп Аяпов 1975 жылы капитан, майор шеніндегілер басқарып келген Тамды аудандық ішкі істер бөліміне бастық болып тағайындалды. Мұнда көптен қордаланып қалған істер  жеткілікті еді. Офицер кадрлар тапшы, сырттан келіп 2-3 жыл істеп кететіндер болды. Сондықтан, жаңа бастық түрлі салада еңбек етіп жүрген жергілікті жастарға сенім артып, оларды милиция қатарына шақыра бастады. Аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңы, 80-ші жылдың бас жағында аудан орталығындағы  мектептерде жоғары сынып оқушыларының топтарға бірігіп, «батыстағыдай», өмір сүруге талпынуы белең ала бастады. Бірде таңертеңгілік бастық алдында өткізілетін жедел отырыста Ө.Аяпов жиналған қызметкерлерге  қарата:

–«Интер» деген не, ол нені білдіреді? – деді.

–«Интер» Италияның Милан қаласындағы футбол клубы, – деді алдыңғы қатардағы бір қызметкер.

–Ал «Лада» деген  не нәрсе?   Үнсіздік, тыныштық. Тыныштықты  бастықтың зор дауысы бұзды. «Интер», «Лада» аудан орталығындағы мектептерде ұйымдасқан неформал топтардың атауы, ал, сендер бұдан хабарсызсыңдар,  я білмеген боласыңдар. Осыдан соң жастар арасындағы келеңсіз  әрекеттерге бүкіл қоғам болып қарсы шығып, бұл  жат құбылысқа үзілді-кесілді балта шабылды.

«Жігіттің бағы жарында» деп бекер айтылмаса керек. Ағамыздың өз міндетін ойдағыдай атқаруында Салиха апайдың еңбегі  ұшан-теңіз екендігі даусыз . Милиция жары болу қандай екендігін, оны басынан өткізген жан ғана біледі. «Жақсы әке балаға мың жылдық азық» деп дәл тауып айтқан дана халқымыз. Әке үйдің қорғаны болса, ана – отбасының берекесі мен ырысы. Тәрбие көзі әкеден бастау алып, ол ұрпағының дұрыс тәрбие, білім алуына, нағыз азамат болып қалыптасуына жан-жақты қамқорлық жасайды.  Өтекең нағыз әке, нағыз отбасы пірі бола білді. Салиха апай екеуі тоғыз бала тәрбиелеп өсірді. Үлгілі отбасынан өрбіген өрендер өмірден өздерінің  лайықты орындарын тауып, елге танымал болып, әке жолын жалғастырды.

Өтеп Аяпов жақындарына, туыстарына ақылгөй аға, жол сілтеуші дана еді. Оның ғажап ғұмыр өнегесі, халық үшін жасаған өнегелі істері ешқашан ұмтылмақ емес, мәңгі халық жадында. Тарих көшінде туған жер топырағында өз заманының биік тұлғасы болып қалыптасқан ұлағатты адамдардың өмір жолын кең насихаттау біздің басты парызымыз болып қала бермек.

Бақыт КҮЗЕНБАЙҰЛЫ,

зейнеткер.

Аршалы кенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар