Қызылшамен күресудің ең тиімді жолы – екпе егу

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңінен баяндады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында 210 ақмолалық қызылша ауруын  жұқтырған. Жұқтырғандардың арасында вакцинацияланбаған және одан бас тартқан адамдар да  бар. Бүгінгі таңда, 14 жасқа дейінгі 134 балада қызылша ауруы тіркелді.Алайда, жүкті әйелдердің арасында індетті  жұқтыру фактісі  анықталған жоқ.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина өткен брифингте қызылшамен ауырған 67 оқушының диагнозы расталғанын айтқан еді.  Биылғы жылы  қаңтар айында қызылша ауруының 34 жаңа жағдайлары тіркеліпті. Ал, соңғы екі тәулікте екі жағдай расталды.

Сондай-ақ, биылғы жылы мектепке дейінгі ұйымдарда 12 бала қызылша жұқтырғаны белгілі болды. Олар Аршалы,Астрахан аудандарында, Қосшы,Көкшетау және Степногорск қалаларында тұратын жеткіншектер.

–Соңғы аптада 38 ақмолалық қызылшамен ауырып қалды. Олардың 24-і вакцинацияланбаған, 20-сы бас тарту себебі бойынша тіркелгендер болып табылады. Сондай-ақ, белгісіз егу мәртебесі бар адамдар да бар. Бүгінде Көкшетау қаласы мен Ерейментау ауданынан 4 оқушы қызылшамен ауыруда. Атап өткенімдей, жүкті әйелдер арасында жағдай тіркелген жоқ, – деді Айнагүл Мусина.

Ағымдағы жылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша 23, яғни, 13 бала мен 10 ересек адам ауруханаға жатқызылды. Брифинг барысында 34 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпемен егілгенін хабарланды. Сонымен бірге,45 мыңға жуық адам қосымша жаппай иммундауға жатады.

–Нақтырақ айтқанда, 6-10 айдағы балалар екпе алды.  29 күнде 5931 адам егілсе, оның 3893-і қосымша иммундаудың арқасында егілгендер болып табылады. 2 жастан 4 жасқа дейін 32389 бала егілді. Сондай-ақ, 2341  медицина қызметкері де вакцинацияланды, – деді өз сөзінде бас санитарлық дәрігер.

Жалпы, бір жылда балалардың қызылшасына қарсы облыс бойынша 12 мыңнан астам бала жоспарлы түрде вакцианцияланды. Дегенмен,  Жақсы, Қорғалжын және Бурабай аудандарында екпемен қамту көрсеткішінің  төмендігі байқалуда.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар