Search Results for: Жолдау

Көкшетауда ТКШ мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтті

«Адал көмек» жобасы аясында Көкшетау қаласы әкімдігінің алаңында мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтер басшылығының қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру өтті. Іс-шара барысында өңір тұрғындары коммуналдық қызметтерге ақы төлеу тәртібі, аула аумақтарын абаттандыру, пәтерлерде жылу беру, жалпыүйлік мүлікке қызмет көрсету мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды. Қабылдау барысында келіп түскен сұрақтардың бірі үй маңындағы аумақты абаттандыруға қатысты болды. Атап айтқанда, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғыны аула аумағында футбол алаңын орнату мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Көкшетау қалалық ТКШ бөлімінің басшылығы үй тұрғындарының ұжымдық өтінішін бөлімге жолдау қажеттігі туралы түсіндіріп, өтінішті заңнамаға сәйкес қаралатын болады деп айтты. Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың көпшілігі өз құқықтары бұзылған кезде қайда жүгіну керектігін, оның мәселелерін қарау қай мемлекеттік органның құзыретіне кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Сонымен қатар, өтінішті қараудың тиімділігі оның…
Read More

Президент сайлауына кандидат ретінде кімдер ұсынылды

– Елімізде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 7 қазан 18.00-дегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы лауазымына 4 кандидат ұсынылды. Кандидаттар кімдер? Оларға қандай талап қойылады? Кезектен тыс президент сайлауы қашан және қалай өтеді? Биылғы сайлаудың ерекшелігі неде? Жылдың басты саяси науқанына қатысты ең өзекті төрт сұраққа жауап іздеп көрелік. 1. Биылғы президент сайлауының ерекшелігі неде? 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Әділетті Қазақстан құру жолында кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа сенім мандаты қажет екенін атап өтті. Сонымен қоса өкілеттілігінің мерзімі жайлы да ұсыныс білдірді. Бұдан былай Қазақстан Республикасының президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланады. Яғни жеті жылдан кейін президент болған адам қайтадан сайлауға қатыса алмайды. «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен…
Read More

Бірауыздан қолдадау көрсетілді

Акмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов пен  бір топ депутаттар – Айнагүл Балташева, Қайрат Сұлтанов, Ирина Жукова, Сайра Матайбаева, Ұмар Шоназаров Астанада өткен «AMANAT» партиясының 24-ші кезектен тыс съезіне қатысты. Қазақстанның басқарушы партиясы алдағы 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысу үшін кандидатураны анықтап, Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынуға шешім қабылдады. Партия төрағасы Ерлан Қошанов оз үндеуінде қазір елге адамдар сенетін кандидат қажет екенін, онымен барлық жоспарларды нақты жүзеге асыруға болатынын атап өтті. «Біздің көшбасшымыз халық үшін ең қиын кезеңде барлық жауапкершілікті өз мойнына алды, мемлекеттілікті сақтап, елдің хаосқа түсуіне жол бермеді. Сондықтан бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының міндеті және сіздермен біздің тарихи жауапкершілігіміз – барлық қазақстандықтарды президенттің прогрессивті реформалары төңірегінде біріктіру», – деді партия басшысы. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірлерінен делегаттар қатысты – барлығы 1 200-ден астам адам. Олардың барлығы «AMANAT»…
Read More

«Ақ жол» неге Тоқаевты қолдады?

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қазір біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық жағдай болсын, ішкі саясаты, сыртқы саясаты болсын, тар жол, тайғақ кешуден өтіп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағына келсек, соңғы кездері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шешімдерге түрлі пікір айтылса да, олардың көпшілігі нарықтық экономикаға арналған, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуға, жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Яғни бұл ұсыныстар негізінен «Ақ жол» партиясының көзқарасына жақын, - деді Азат Перуашев партияның ХІХ құрылтайынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. Партия төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда сыртқы саясатта түрлі сын-қатерлер жетерлік. Одан елімізді сақтау аса маңызды мәселе болып отыр. Меніңше, сыртқы саясаттағы ең өткір, ең қатерлі мәселе – тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді, жер тұтастығын сақтау болып отыр. Егер осыларды сақтап қалсақ, Қазақстан ертелі-кеш мықты, дамыған, заманауи нарықтық экономикасы бар, демократиясы бар мемлекетке айналады. Ол үшін қазір таңдаған…
Read More

«Ақ жол» партиясы жасырын дауыспен президент сайлауына үміткерді таңдады

– «Ақ жол» демократиялық партиясы президент сайлауына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Партияның кезектен тыс ХІХ съезінде президент сайлауына қатысуға жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов ниет білдірген еді. Сонымен бірге партия мүшелері қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кандидатурасын қолдауды ұсынған. Жасырын дауыс беру үшін 126 бюллетень қолданылды. Бірінші үміткер журналист Сандуғаш Дүйсенова 11 дауыс жинап, 6 пайызды иеленсе, депутат Серік Ерубаев 23 дауыспен 19 пайызға ие болды. Ал партияның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов 17 дауыспен 13,7 пайыз алса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатруасын 74 адам – қатысушылардың 64,1 пайызы қолдаған. «Қазір біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық жағдай болсын, ішкі саясаты, сыртқы саясаты болсын, тар жол, тайғақ кешуден өтіп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағына келсек,…
Read More

Жиырма жылда үш президент сайлай аламыз – Алуа Жолдыбалина

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Желмая жобасында президентті жеті жылға сайлаудың мәнісін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Конситуцияға енгізілген бірреттік жеті жылдық мерзім өзгертілмеуі керек.  Төрт жылдан екі рет алсақ сегіз жыл шығады. Бір рет алсақ – жеті жыл. Францияның өзі президенттің қайта сайлану құқығын алып тастап, бір мерзімге ғана сайлауды талқылап жатыр. Израиль де солай. Бұл бір жағынан саяси элитаның жаңаруын тездетеді. Президент келген соң жеті жылда бағдарламасын жүзеге асырып, келесі президентке мүмкіндік береді. Жаңаруға мүмкіндік бар. Бес жылдан екі рет сайланса, он жылда бір ғана президент болады. Келер он жылда да солай. Ал жеті жылдан бір рет қана сайланса, жиырма жылда екі емес, үш президент болады, –  деді Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина. Ол бұл өзгеріс саяси элитаның…
Read More

Құрметті мұғалімдер мен білім беру саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еселі еңбектеріңіз қоғамда лайықты сый-құрметке ие. Еліміздің болашағының іргетасын бекітіп, жас ұрпақтың бойына пайымды парасат пен асқақ адамгершілік негіздерін сіңіріп жатырсыздар. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында Әділетті Қазақстанды құру бағытында мұғалімдердің еңбегі мол екендігін атап өтті. Бүгінгі таңда мемлекет мұғалімдердің беделін көтеріп, білім беру саласын жақсарту үшін барлық шараларды жүзеге асыруда. Ақмола облысы талантты әрі терең білімді педагогика қызметкерлерімен лайықты мақтана алады. Олар өздерінің алдарына қойылған асқаралы міндеттерді мүлтіксіз орындап, жас толқынды жасампаздыққа баулуда әрі алға жылжып бара жатқан әлем тынысына қажетті берік білім беруде. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында, республикалық сайыстарда 80 медальға ие болу сөзіміздің дәлелі. Кәсіби шеберлік, тындырымды еңбектің арқасында 270 мектеп түлегі Алтын белгіге ие болды, 279 жас түлек үздік аттестат иеленді. Өткен…
Read More

Құрметті ақмолалықтар! Ардақты ардагерлер!

Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында біздің рухани және материалдық игілігіміз байыды, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы дамып, білім  және денсаулық сақтау саласы шырқау биікке көтерілді. Сіздер – тәуелсіз Қазақстан халқына еңбектегі ерлік, даналық пен патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен жасампаз ұрпақтың өкілдерісіздер. Біздің басты байлығымыз сан ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрімізді сақтай білген, жас ұрпаққа өздерінің өнегелі өмір жолдарымен үлгі болған өздеріңіз. Белсенді өмірлік позициясын жоғалтпаған, жастары егде тартса да бәз-баяғы, жап-жас қалпында жүргендеріңіз біз үшін қуаныш. Осы бір айтулы күні сіздердің туған жерге деген перзенттік сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айта отырып, өңірдің қоғамдық өміріне мол үлес қосқандарыңыз үшін ақ алғысымды жолдағым келеді. Әрдайым мықты денсаулық, өмірге деген құштарлық, ет жақын туыстарыңыздың сіздерге деген жүрек жылуы мен махаббатының мол болуын тілеймін! Құрметпен, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев. ***…
Read More

Президент ІІМ көші-қон мәселесіне бақылау жүргізу бағытында бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Ақорда. Президентке құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу, тергеу бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, интернеттегі алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді. Отбасылық-тұрмыстық жанжалдан туындайтын құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ Марат Ахметжанов Ресей Федерациясы азаматтарының елімізге келуіне байланысты ішкі істер органдары қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына Ішкі істер министрлігінің бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс процесін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру бағытында атқарып жатқан қызметі туралы ақпарат берілді. Кездесу қорытындысы бойынша Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі…
Read More

Бірінші байлық – денсаулыққа ештеңе жетпейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұртас ұлт.Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауында денсаулық сақтау саласына айрықша мән берілді. Жолдауда Мемлекет басшысы «Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн» деп атап көрсеткен. Осы орайда, өңірде жалпақ жұртты елең еткізетін жағымды жаңалық қолға алынғалы жатқандығын айтып, сүйіншілеуге де болады. Шын мәнінде тарихи оқиға іспетті. Атап айтқанда, облыс орталығында заманауи көпбейінді аурухана салынбақ. Болашақ алты қабатты медициналық мекеменің ғимараты соңғы жылдары бой көтеріп, сән-салтанаты көңіл аудара бастаған Сарыарқа шағын ауданында орналаспақ. Облыстық әкімдік 17 гектар жер телімін де бөліп берді. Ойға алған шаруа оңынан оңғарылса, заманауи ең үздік жабдықтармен қамтамасыз етілген, барлық қызметтер бір-бірімен тығыз байланыста болатын, халыққа мінсіз медициналық қызмет көрсететін аурухана салынбақ. Бұл жай қиял емес. Ведомствоаралық комиссия мақұлдаған, барлық…
Read More

Қазақ картасы –этникалық қазақтарға жеңілдетілген виза, 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігі

– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова этникалық қазақтарға берілетін Қазақ картасының артықшылықтарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, шетелдегі қандастардың тарихи отанымен байланысын нығайту үшін оларға Қазақ картасы беріледі. Бұл картаның иесі саяси құқықтарды қоспағанда, тұру құқығымен бірдей болатын елге жеңілдетілген кіру құқығын (бизнес ашу, жылжымайтын мүлікке және басқа мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу) иеленеді. «Қандастарымыз жөнінде еш мәселе жоқ. Олардың келуі бүгінгі таңда қолданыстағы заңда толық қамтылған. Сонымен бірге, шетте жүрген, өз бизнесі бар, бірақ елмен тарихи байланыста болғысы келетін этникалық қазақтар да бар. Сондықтан Қазақ картасы деген әлемдік тәжірибеде бар карталардың бірін қолданбақшымыз. Ондағы негізгі түйін – егер шетелдегі этникалық қазақ сол елде тұра берем, бірақ еліме келіп, бизнес ашып, өз елімнің дамуына үлес қосам десе, олардың келіп-кетуіне толық мүмкіндік беріледі және жеңілдетілген…
Read More

Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адамға рақымшылық жасалады

 – Қаңтар оқиғасына қатысқан 1520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратураның ашық талқыға шығарылған «Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының жобасы негізіндегі консультативтік құжатында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қаңтардағы оқиғалар бойынша іс жүргізуде рақымшылық жасауға жататын 391 қылмыстық іс бар. Олар бойынша 383 күдікті айыпталушы ретінде өтіп жатыр. Бұлтартпау шаралары бойынша: ешқайда кетпейтіні туралы қолхат – 153, күзетпен ұстау – 147 адам, үйқамаққа алу – 24, кепіл – 19, жеке кепілгерлік – 2, бұлтартпау шарасы таңдалмаған – 28, іздеуде – 10. Сондай-ақ, соттың іс жүргізуінде 102 адамға 36 іс бар. Сотталғандар - 1 035, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілер – 93, пробацияда-930, айыппұл тағайындалды – 3, қоғамдық жұмыстар – 9. Ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мәселені шешу үшін ұсынылатын реттеу – рақымшылық жариялау» деп көрсетілген құжатта.…
Read More

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов Көкшетауға жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысына қатысты. Отырысты ашқан облыс әкімі Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтты. «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған стратегиялық бағыт, онда біздің республикамыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеттегі іс - қимылдан қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, сондай-ақ халықтың оның кез келген көрініс нысандарын қабылдамауына көшуі көзделген», - деп атап өтті өңір басшысы. Отырыс барысында Дмитрий Малахов ел Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа тәсілдері туралы айтып берді. «Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей «Адамдар бос декларациялар мен жарқын болашақтың шексіз тұсаукесерлерінен шаршады…
Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Биылғы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналды. Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанады. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталады. Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланады. Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биліктің бірқатар өкілеттігі қайта бөлініп, кейбір құзыреттер Президенттен Парламентке берілді. Енді өңірлердің әкімдері баламалы жолмен таңдалады. Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген бап енгізілді. Мен осы ережені жүзеге асыру үшін «Ұлттық қор – балаларға» деген мүлде жаңа бағдарлама ұсындым. Конституциялық реформа – мен…
Read More

Жарым-жартылай бос тұрған, бала бақшалар бар. Бұл қалай?..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында мектепке дейінгі мекемелерге айрықша мән беріліп отыр. Ел Президенті Жолдауда осы тақырыпқа орайластырған пікірін «қазақта «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет» деп түйіндеген болатын. Бұл мәселе көптен қордаланып, сағыздай созылып келе жатқан жай. Облыс орталығында бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беріп келе жатқан 47 балабақша бар болатын болса, бүгінгі күні кезекте 3313 бала тұр. –Бір кезде Орта Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім беру жүйесі Қазақстанда болып еді, – дейді ардагер ұстаз Қонысбек Мұратбеков, – әлі есімде, мектепке дейінгі мекемелермен жеті жасқа…
Read More