Search Results for: Жолдау

Көңілден шыққан тұстары баршылық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы тәуелсіз еліміздің тарихындағы жаңа қадам болып табылатыны сөзсіз. Бүгін шын мәнінде тарихи күн болды. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталған. Ел Президенті Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындауды тапсырды. Сонымен қатар, ел экономикасының өсіміне әсер ететін салаларды қолдау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, ел көкейінде жүрген қаңтардағы оқиғаларға егжей-тегжейлі тоқталып, мемлекеттік қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықтан маңызды ештеңе жоқ екенін атап өтті. Жолдауда Парламенттің рөлін күшейту мәселесіне тоқталып, осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент– есеп беретін Үкімет» қағидасы басшылыққа алынатыны айтылды. Сонымен қатар,  Президенттің өз өкілеттіктерін орындау мерзіміне саяси партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде бекіту, Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына…
Read More

Ел болу үшін халық бірлігі аса қажет

Шынында осы күнді, осы жаңалықтарды қоғам күткен еді. Соңғы геосаяси оқиғалар да біздің елімізге әсерін тигізіп жатқаны анық. Президенттің бүгінгі Парламент отырысындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің мемлекет тарихындағы ерекше оқиға болды дей аламыз. Ең алдымен, бұл Жолдау әлемде үлкен ауқымды саяси өзгерістер кезеңінде, қанды қаңтардағы халық толқынысынан кейін жарияланып отырғандығымен де ерекшеленеді. Президент өз сөзінде осы оқиғаға әділ баға берілуі керек деген тұжырым жасады. Ең бір ұтымды тұстары саяси реформаларға қатысты жақтары екендігі даусыз. Атап айтқанда, Конституциялық мәндегі реформалар: Конституциялық сотты және  сайлаудың 30 пайыз мажоритарлық түрін енгізіп, оның гибридттік формасына көшу, партияларды тіркеу шартының нормасын 5000 мыңға түсіру, билікті орталықсыздандыру, Президенттік-парламенттік басқару жүйесіне жақындату, жергілікті мәслихаттың өкілдіктерін кеңейту, аумақтық құрылым реформалары халық көңілінен шыққан өзгерістер болып табылады. Сонымен бірге, елді басқару ісін жаңғыртуға арналған  – Ұлттық құрылтай шақыру…
Read More

ҚАПШАҒАЙҒА ҚОНАЕВ ЕСІМІН БЕРУДІ ҰСЫНСА, МЕН БҰЛ ПІКІРГЕ ҚОСЫЛАМЫН – ПРЕЗИДЕНТ

Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын. Мен мұның бәрін азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне сүйеніп айтып отырмын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса осы бастамаларда таяу арада жүзеге асыруға болады деп санаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   Осы ретте Мемлекет басшысы Үкіметке әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты мәселелерді мұқият саралап, оны іске асыру жолдарын ұсынуды тапсырды. «Бұл оңай шаруа емес. Оның бәрін жан-жақты ойластырып, байыппен жасауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.
Read More

ЖЕТІСУ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСТАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады», - деді Мемлекет басшысы. Президенттің атап өтуінше, облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шеу оңай емес. Облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді.
Read More

ЖЕЗҚАЗҒАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫН ҚҰРУ ҚАЖЕТ

Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», - деді Мемлекет басшысы. Президент кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше екенін баса айтты. «Ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен. Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті өте зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану керек. Бір сөзбен айтқанда біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Read More

СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДА АБАЙ ОБЛЫСЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫН – ПРЕЗИДЕНТ

Семей аймағында Абай облысын құру қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының да жағдайы мәз еместігін баса айтты. «Біз әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өңірді қайта жаңғыртуға тиіспіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Read More

Президент: Қаңтар оқиғасына кінәлілердің бәрі жазаланады

Қаңтар оқиғасына қатысы бар күштік құрылым өкілдерінің ісі үдемелі қарқынмен, «құпиялық» режимінде жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Күш құрылымдарының өкілдері мен олардың сыбайластарының астыртын келісімі жөніндегі істі тергеу үдемелі қарқынмен, «құпиялық» режимінде жалғасып жатыр. Алдымызда куәгерлермен, сараптама жүргізу, түрлі деректерді зерделеу бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Бір нәрсені айта аламын. Жоғары басшылықты ығыстырып, оны халық пен әлем қауымдастығы алдында дискредиттеуді мақсат еткен ауқымды, әр тетігіне дейін ойластырылған операция болды», - деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, қастандық ұйымдастырушылар бұл мақсатқа Алматы қаласын ерекше мақсатта пайдаланбақ болған. «Осы мақсатқа жету үшін астыртын келісім жасаушылар ойланбастан біздің ең ірі қаламыз — Алматыда хаос орнату, адамдардың көңіліне үрей ұялату, елдегі ахуалды тұрақсыздандыру туралы тапсырма алған, кәсіби дайындалған жауынгерлерді қолданды. Сондықтан бұл қайғылы оқиғаларға…
Read More

ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМ ИЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ САТҚЫНДЫҚ ЖАСАДЫ – ПРЕЗИДЕНТ

Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді», -деді Президент.
Read More

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінгі жиынға Мәжілістің 107 депутатының 103-і және Сенаттың 49 депутатының 47-сі қатысып отыр. Парламентте өтіп жатқан іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Бірлескен отырысқа депутаттық корпуспен қатар, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Конституциялық Кеңес пен ҚР Жоғарғы сотының төрағалары мен мүшелері, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысып жатыр. Айта кетейік, 11 наурызда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси…
Read More

Сайлау жүйесін жетілдіру – заман талабы

Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров кеше Көкшетаудағы «Болашақ» сарайында елімізде сайлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өңір жұртшылығымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен кездесуге жергілікті сайлау комиссияларының мүшелері, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің өңірлерді аралап, халықпен кездесуінің негізгі себебі – ең алдымен ҚР Президентінің сайлау өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы тапсырмасын орындау болса, екіншіден еліміздің сайлау жүйесіне қатысты халықтың ой-пікірін білу, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын тыңдап, ескертулерін назарға алу. Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағаларының бұрын-соңды өңірлерге шығып, халықпен кездесулер өткізуі тәжірибеде болмаған. Сол сеңді бұзған Нұрлан Әбдіровтің біздің облысқа жұмыс сапары алдыңғы күні Ақкөл ауданының Домбыралы ауылының тұрғындарымен кездесуден басталды. Онда комиссия төрағасы Кеңес селолық округінің былтыр…
Read More

Көкшетау қаласы қарқынды дамып, көркейе түспекші

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса «Облыс орталығының даму перспективалары туралы» баяндап, журналистер сұрақтарына жауап берді. –Көкшетау қаласы қарқынды дамып келеді. Біздің алдымызға қойылған негізгі міндеттердің бірі – тұрғындарымыздың өмір сапасын жақсарта түсу. Міне, осы мақстатта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қалада жаңадан жұмыс орындары ашылуда, – деген қала басшысы, нақты мысалдар келтіруге көшті. «КАИК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі технологиялық паркінің екінші кезеңінің құрылысы қолға алынды. «СКЦ «Бетон» жеке шаруашылығының қабырға панелдерін жасау заводының құрылысы, «AGROFIDELITY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макорон шығару кешенінің толық циклін салу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған нысандарды іске қосу 1000 адамды жұмыспен қамтуға жол ашады. Мемлекет алға қойған тағы бір міндет – тұрғын үй қолжетімділігі болса, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әлеуметтік әлсіз қорғалғандар тізімінде тұрған азаматтар үшін 11 үйдің құрылысы  жүріп жатыр.…
Read More

Жайылым мәселесі кешіктірілмей, толық шешілуі қажет

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасының жер қатынастарын реттеу және үйлестіру бөлімінің басшысы Римма Қарымсақова «Жайылымдық жерлердің тапшылығы» деген тақырыпқа хабарлама жасады. Оның айтуынша, өңірдің аудандары мен қалаларында жайлымдық жер мәселесінің жағдайы толық сараланып, анықталып, туындаған түйінді сұрақтарды шешу туралы ұсыныстар жоғарыға жолданған. Ақмола облысында барлығы 605 елдімекен бар болса, жеке аулаларда 811,4 мың ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген.Оның 250,6 мыңы ірі қара, 43,2-сі ұсақ мал, 12,8-і жылқы.  Демек,  тұрғындардың қолындағы осынша мал үшін жайылым керек.  Шындығы, қай ауылға барсақ, ауыл тұрғындары маңайларының бәрі жыртылып, егін егіліп тасталғанын, мал жаятын жер жоқ екендігін айтып, шағымданды. Өңірдің барлық аудандарында жекенің малы үшін жайлымдық жер жетіспейді. Әсіресе, Аршалы, Егіндікөл, Жақсы, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды аудандары мен Степногорск қаласында бұл мәселе шарықтау шегіне жетіп тұр. Аталған аудандарда жайылымның жетіспеуі 100 пайыз болса, қалған…
Read More

Сенаторлар ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін зерделеді

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Ақмола облысының Целиноград ауданында көшпелі отырыс өткізді. Сенаторлар Ауыл шаруашылығы министрлігінің, жоғары оқу орындарының өкілдерімен және фермерлермен бірлесе отырып цифрландыруды, ғарыш мониторингі технологиясын енгізу және ауыл шаруашылығы жерлерін қашықтан зондтауға қатысты мәселелерді талқылады. Сенат комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев аграрлық саланы дамытуда ауыл шаруашылығы процестерін цифрландырудың маңызы зор екенін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында АӨК-ке жоғары технологияларды енгізу міндеттерін сол үшін де қойғанын атап өтті. «Ауыл шаруашылығын цифрландырудың басты міндеті - осы өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту, оның сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу болып отыр. Бұл тұрғыда цифрлық технологияларды енгізудің әлемдік тәжірибесін қолдану – айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізеді», - деп атап өтті сенатор Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде. Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері кездесу барысында…
Read More

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобалардыіске асыру конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. 2022 жылғы 31 наурызда үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталады. Осыған орай, мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы, заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған үкіметтік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiне (оқшауланған бөлiмшелерi) уақытылы, соңғы күндерге қалдырмайinfonpo.kzсайтында есеп берудің электронды нұсқасын толтыру ұсынылады. ҮЕҰ дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынудың баламалы тәсілі есеп берудің қағаз нұсқасын толтыру болып табылады. Есептің қағаз нұсқасын электрондық форманың CD-дискте немесе флэш-жинақтауышта қосымшасымен қоса қоғамдық даму және ақпарат министрлігінің мекен-жайына үстіміздегі жылдың 31 наурызына дейін жолдау…
Read More

Ендігі мәселе – сөз бен істің үйлесімділігінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі жұртшылықтың ерекше назарын аударды. Бірақ, алдымен біз «не және қалай?» болғанын, неден сабақ алуымызды ойластырудан бастауымыз керек. Кез-келген бағыт-бағдарда «соңғы аялдама» болады. Ел басынан өткен жағдайдағы соңғы нүкте – бейбіт митингінің қарақшылар мен қарулы террористердің қатысуымен қақтығыстарға ұласуы. Мұның бәрі әлеуметтік дүмпуге әкеліп соқты. Әлеуметтік дүмпу дегеніміз не? Жалпы алғанда, бұл зорлық-зомбылықтың, билікті қабылдамаудың, қарсылықтың күшеюі. Әдетте, әлеуметтік дүмпу қарапайым халық арасындағы тұрмыс-тіршіліктің күрт нашарлауынан туындайды. Әлеуметтік дүмпулер көбінесе ел арасында толқу тудыруға немесе одан да бетер революцияға итермелеуі мүмкін. Кез-келген революция қашанда тұрақсыздық пен шиеленіске әкеледі. Сұйытылған газ нарығын ырықтандыру бойынша жауапты органдар батыс өңірлерде автогаз бағасын көтеруді мақұлдауы салдарынан елде әлеуметтік дүмпу орын алды. Қарапайым азаматтар әділеттілікті талап етті. Көпшіліктің наразылығына іліккен мәселелер әр азаматқа қатысты болды.…
Read More