Search Results for: Жолдау

Жаңару мен жаңғыруға арналған салиқалы басқосу

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында айтылған ұсыныстарды сараптау мақсатында «Sarap»сараптамалық клубының аймақтық отырысына қатысты. Еркін форматта өткен басқосуды университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалым Байтоқпен Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Қазбек Майгелдинов жүргізіп отырды.Оған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Марат Сырлыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин, саяси кеңесші, PhD докторы Дина Әйкенова, саясаттанушы Самат Нұртаза, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург, «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры Жабал Ерғалиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, облыстық «Kokshe» телеарнасының директоры Ерлан Атамбай, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ғалым Байтоқ, интернационалдандыру және…
Read More

«Сот кабинеті» және қоғамның игілігі үшін оның артықшылықтары

2014 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратымен) қолжетімділіктің тетігін оңайлату және жеделдікті, сонымен қатар, электрондық сот ісін жүргізуге азаматтардың қашықтықтан қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі жүзеге асырылған. «Сот кабинеті» электрондық сервисі http://office.sud.kz ресми сайтында орналастырылған. Сот кабинеті – Қазақстан Республикасы соттарының сервистеріне электронды түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі. Сервис азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық арыздар, өтінішхаттар мен шағымдарды беруге арналған. Кез келген жеке немесе заңды тұлға «Сот кабинетінің» пайдаланушысы болуы мүмкін. Азамат, оның өкілі немесе адвокат осы жүйенің көмегімен оған ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпай-ақ, Интернет арқылы сот органдарына жүгіне алады. Өтініштер, арыздар, шағымдар мен өтінішхаттарды электронды түрде әзірлеу, беру, мемлекеттік бажды онлайн төлеу операцияларын «Сот кабинеті» арқылы орындауға болады. Сервистегі электрондық…
Read More

Күрделі кезеңде серпінді жұмыс қажет

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің әлеум еттік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Дүзелбаевтың «Ақмола облысының 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы», облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Е.Оспановтың «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы», облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы міндетін атқарушы Е.Әленовтің «Ақмола облысында көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге дайындық туралы» баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда,Қ.Дүзелбаев өз баяндамасында облыс бойынша өнеркәсіпте өндіріс көлемінің 197,8  миллиард теңгені құрағанын, тауар өнімінің нақты өнім көлемінің 101,6 пайыз болғанын хабарлады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 115,7 пайыз, бұл – өсімдер құрамында алтыны бар кендерді өндіру көлемінің 1,8 есе, мыс кендерін өндіру көлемінің 1,7 есе  артуына байланысты.Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 100,8…
Read More

Халық қолдайтын бастама

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы бүкіл қазақстандықтардың назарында болған елеулі оқиға болды. Олай болатын сеебебі Президентіміз қаңтар көтерілісінен кейін саяси реформаларды жариялайтынын халыққа жеткізген болатын. Және Үндеудің жариялаланатын мерзімін де дөп айтып, наурыздың 16 деді. Қасымжомарт Кемелұлы айтқан сөзінде тұра білді. Отыз жыл бойы елімізде қордаланған мәселелер тым көбейіп кетті. Әсіресе, азаматтар құқығын сақтамау, ел заңдарын өрескел бұзу фактілері халықаралық ұйымдардың сынына ұшырады, Қазақстан беделіне нұқсан келтірді. Осындай келеңсіз жәйттерді тізе келіп, Президент Тоқаев реформаларды неден бастау керек екенін тізіп өтті. Әсіресе, Мәжіліске сайланатын депутаттардың 70 пайызы пропорционалды болса, 30 пайызы можаритарлық жүйемен сайланатыны ел сайлаушыларының көңілінен шықты деп ойлаймын. Олай болатын себебі, қанша жылдан бері қоғам қайраткерлері мен заңгерлер сайлау заңын өзгертіп, сайлаушылардың құқығын ескеру туралы айтып келе жатқаны қашан. Әрине, кейбір сын айтушылар бұл…
Read More

Болашаққа нық қадам жасалмақшы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеше жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында саяси, әлеуметтік–экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі болашақ міндеттерді белгілеп, мемлекеттің одан әрі даму перспективаларын айқындады. Президент азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін, мемлекет мүдделерін қорғауды негізгі міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы ұсынған реформалар қоғамның қажеттіліктерін өтеуге, саяси жүйені жан-жақты жаңғыртуға, демократияландыруға және қоғамның тұрақты дамуына бағытталатын болады. Мемлекеттің «суперпрезиденттік» басқару нысанынан күшті Парламенті бар Президенттік Республикаға көшуі, мемлекеттің қоғамдық ұйымдармен және белсенділермен өзара үйлесімді іс-қимылы – бұл билік пен қоғамның тұрақты диалогы қалыптасатын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыруға жасалған тағы бір үлкен қадам. Қазақстан Республикасының Парламенті де өзгерістерді күтуде – депутаттар квотасы қысқартылады. Мәжіліс депутаттарына - заңдар қабылдау, ал, Сенат депутаттарына Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мемлекет қауіпсіздігі БАҚ пен журналистердің…
Read More

Басты мақсат – орман алқаптарының ауқымын кеңейту

Орман – еліміздің басты байлықтарының бірі, баға жетпес экологиялық және экономикалық ресурс, біздің ұлттық игілігіміз.Қазіргі уақытта Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қарамағында 13 орман шаруашылығы мекемесі бар. Олардың негізгі міндеті ормандарды күзету және қорғау, олардың аумағын толықтыру және ағаш өсіру, орман пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады. Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қарамағындағы Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 405,4 мың гектарды құрайды.Орман көмкерген алқаптар 225,7 мың гектар жерді алып жатыр, облыс аумағының ормандылығы 2,6 пайыз. Жыл сайын облыстың орманды алқабын ұлғайту мақсатында мемлекеттік орман қоры аумағында орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, 2009 жылдан бастап 17,6 мың гектардан астам орман, оның ішінде «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автотрассасының бойында, Шортанды кентінен Щучинск қаласына дейін 2,6 мың гектар ағаш отырғызылды.…
Read More

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА СЕРПІНІ

2022 жылғы 16 наурызды жылдың басты саяси күні деп атауға болады. Сол күні Мемлекет басшысы халыққа жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдауда бүгінгі күні қордаланған түйіндерді шешуге, қоғамдағы орын алған кемшіліктерді түзетуге, дамудың жаңа жолына түсуге бағытталған  мәселелер көтерілді. Бұрынғы Жолдаулардан тағы бір ерекшелігі, сайлау жүйесін өзгертуге басымдық берілді. Биылғы қаңтардағы жағдай елде әлеуметтік те, экономикалық та шешілмеген проблемалар өте көп екенін көрсетті, ендігі жерде  және ешкім бұл тәртіпсіздіктердің қайталанғанын қаламайды. Соған орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі реформалар мен саяси трансформация жүргізу қажеттігі туралы мәлімдеді. 2019 жылдан бастап Президент кезең-кезеңімен саяси реформалардың төрт бағытын жүргізді. Олардың барлығы демократияландыруға және халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. 2019 жылы парламенттік оппозиция институтын енгізу қолға алынды. 2020 жылы ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізу туралы шешім қабылданды. 2021 жылы Парламент Мәжілісіне саяси партиялардың…
Read More

Көрермен талғамына сай театр да сапалық жағынан өсуі керек

Бұл  күні  әлем жұрты өзінің жанашыры, нәзік жанды сырласы, кейде ақылшысы, кейде бағыт сілтер бағдаршамы бола білген театрға назар аударып, оның болмысына, бары-жоғына құлақ түретіндей. Әркез қолтықтан демеген қамқорлығы үшін алғыс айтып, «Жаса, театр!» деп қол соғатындай. Біз де осы мереке қарсаңында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма  театры директорының міндетін атқарушы, белгілі театр және кино актері Жарас Қалдаровқа жолығып, осы театрдың бүгіні мен ертеңі, алдағы жоспары туралы әңгімеге тартқан едік.                                                                  Тілші: –Өзіңіз жас маман ретінде келіп, алғаш жұмысқа орналасқан, тәжірибеңізді толықтырып, шеберлігіңізді шыңдаған театрға басшы болып келіп жатырсыз. Құтты болсын! Енді қандай жұмыстарды  қолға алмақсыз, қандай жоспарларыңыз бар?                    Ж.Қалдаров: –Рахмет! Жұмысты енді бастап жатырмыз. Жалпы, қай өнер адамының болсын жоспары, жүзеге асырсам деген арман-қиялы болады ғой. Сол сияқты, бізде…
Read More

Мемлекеттік қызмет үздік мамандар үшін ашық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз». Бүгінде Президент жұмысшы және шығармашыл жастардың барлық бастамаларын қолдайды. Тек нақты мақсаттар қойып, қажырлы еңбек ету қажет. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшылары студент жастармен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты дарынды жастарды мемлекеттік қызметке даярлау және тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады? Мансаптық өсу үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Әлеуметтік қолдауды қалай алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға Департамент басшысы Берген Беспалинов жауап берді. Сондай-ақ, спикер тәлімгерлік институттары, басқа мемлекеттік…
Read More

Ұлыстың ұлы күні  ұлықталды

Наурыз мейрамына орай, Ақмола облысының барлық аудандары мен облыс орталықтарында  бір мыңнан астам әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыс орталығы Көкшетау қаласында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы» атты тақырыпта «Абылай хан» және «Тәуелсіздік» алаңдарында театрландырылған көріністермен әспеттелген әдемі мерекелік концерт болып өтті. Үздік көркемөнерпаздар ұжымдары мен өнер жұлдыздарының орындауындағы әуелеген әндер мен күмбірлеген күйлер, шұғылалы билер, ұлттық дәстүрімізді паш ететін көркем көріністер, жиналған қауымның көңілін бір серпілтіп тастады. Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан ақмолалықтарға «Парасат», «Құрмет» ордендерімен «Шапағат» медалін табыс етті.          – Наурыз халқымыз ұлы күнге балаған, жыл басына санаған жасампаз бірлік пен береке мейрамы. Халқымыз жыл басын табиғаттың оянуы, жаңаруы деп есептеп, береке мен молшылықтан үміт еткен. Наурыз мейрамының тарихы тереңде. Наурыз –…
Read More

Мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық…

Осынау игі қасиеттерді бүгінгі жас ұрпақтың санасына сіңіру, көпке үлгі ету мақсатында «AMANAT» партиясы көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында өткен акция аясында партияның облыстық және аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары мен халық қалаулылары «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен бірлесіп, өңірдегі 40-тан аса отбасын Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға 400 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Дәстүрге айналған игі шара аясында халық қалаулылары аға буын өкілдерімен қатар көпбалалы және мұқтаж отбасыларының үйінде болды. Айта кетейік, осы жолғы кездесулердің жөні бөлек. Себебі, «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасы аясында депутаттар отбасылардың түйткілді мәселелерімен танысып, оларды партияның Қоғамдық қабылдаулары арқылы шешуді көздеді. Сонымен қатар Президент Жолдауының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мәселен, «AMANAT» партиясының Көкшетау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Зәуреш Нұрымова қалалық…
Read More

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Қымбатты отандастар! Сіздерді Наурыз мейрамы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ежелгі көктем мерекесі  адамдардың бойында жаңа өмірге құлшынысты, мейірім мен келісімді орнықтыра түседі. Ол бұрынғыдай адамдарды біріктіріп, біздің жан дүниемізді сүйіспеншілік және қуаныш реңімен нұрландырады, бізді жақсылық пен қайырымдылыққа бастайды. Біз осы жылдың басында, «Қаңтар қасіретінде» басымыздан ауыр күндерді өткіздік. Алайда, баршамыздың ортақ құндылығымыз – тәуелсіздігімізді сақтап қалдық. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жаңа Жолдауында «Шегіне жете буырқанған, мемлекеттер қатаң санкциялармен тірескен, жер жүзіне қандай кесірі тиетіні беймәлім болып тұрған бүгінгі жағдайды адамзат бұрын-соңды көрмеген теңдессіз қиындық деуге әбден болады. Сондықтан, біз үшін көздеген мақсаттан ауытқымаудың, еліміздің тұтастығын, жалпыұлттық бірлігі мен тілектестігін сақтаудың өмірлік маңызы бар» деп атап көрсетті. Биылғы жылы, пандемияның екі жылынан кейін біз Наурызды ерекше мерекелік көңіл-күймен қарсы алып отырмыз. Ұзақ уақыттан…
Read More

Үздік спортшылар марапатталды

Өңір басшысы Ермек Маржықпаев жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Ақмола облысының спорт тарландары» облыстық форумына қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерімен биік белестерді бағындырған еліміздің үздік спортшылары мен жаттықтырушыларын құттықтап, марапаттады. Ұлыстың ұлы күні –наурыз мейрамы қарсаңында өткен шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, үздік спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыпқырандарды қанаттандырып, жігерлендірген форумды Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымы өз өнерлерімен көркейтіп жіберді десе болады. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев өз кезегінде ең алдымен жиналған жұртшылықты келе жатқан ырыс пен берекенің бастауы – Наурыз мейрамымен құттықтады. –Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық мейрамы, ынтымақ пен бірліктің, ырыс пен берекенің бастауы. Осы мереке қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған жаңа Жолдауын жолдағаны бекер емес,…
Read More

Ұлттық құрылтай ұлағат ордасы болсын

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын мұқият тыңдадық. Елді жаңғырту, дамудың жаңа жолына түсірудің іргетасы қаланды деп ойлаймын. Өйткені, Мемлекет басшысы елдің Ата Заңы –Конституцияның отыз пунктіне өзгерістер енгізу керектігінен бастап, көптеген жаңалықтар, жоспарлар ұсынды. Ол жаңалықтар, әрине, елді өзгертеді. Осылай, заңдармен бекітілген тұжырымдар ғана жаңғыруға тұғыр болмақ. «Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген» деп Президенттің өзі айтқандай, Жолдау халықтың талқылап, айтып жүрген мәселелеріне жауап берді. Оның: «Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа  еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек» деуі әбден орынды. Расында да солай. Мемлекет басшысы көпшілік пікірін дәп басып айтты. Президент Жолдауындағы маған ерекше ұнаған бір пікір…
Read More

Көңілден шыққан тұстары баршылық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы тәуелсіз еліміздің тарихындағы жаңа қадам болып табылатыны сөзсіз. Бүгін шын мәнінде тарихи күн болды. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталған. Ел Президенті Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындауды тапсырды. Сонымен қатар, ел экономикасының өсіміне әсер ететін салаларды қолдау керектігін баса айтты. Сондай-ақ, ел көкейінде жүрген қаңтардағы оқиғаларға егжей-тегжейлі тоқталып, мемлекеттік қауіпсіздік пен аумақтық тұтастықтан маңызды ештеңе жоқ екенін атап өтті. Жолдауда Парламенттің рөлін күшейту мәселесіне тоқталып, осыған орай «Күшті Президент – ықпалды Парламент– есеп беретін Үкімет» қағидасы басшылыққа алынатыны айтылды. Сонымен қатар,  Президенттің өз өкілеттіктерін орындау мерзіміне саяси партияға мүшелігін тоқтату міндетін заңнамалық түрде бекіту, Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына…
Read More