Арқада ақбөкен өсіп, көбейіп келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Дінәли Айтқожин мен «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыстық филиалының басшысы Шындос Омаров сәуір айының 15-і мен мамыр айының 15-і аралығында «Ақбөкен» кең ауқымды көктемгі науқанының өткізілетіндігі жөнінде айтып берді.

Осы мәселе жайында үстіміздегі жылдың наурыз айының соңында тиісті мекемелер бірлесіп, Атбасар, Егіндікөл және Жақсы аудандары  әкімдіктерінің  қатысуымен жазғы-күзгі кезеңдерде ақбөкендердің жайылымдар мен шабындықтарды және егінді басып, бүлдіруінің алдын алуға байланысты кеңес өткізді. Жиын барысында ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары өз ұсыныстарын айтты.

−Киіктің Бетпақдала тұқымы Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың және Қорғалжын аудандарында мекендейді. Соңғы жылдары олардың саны көбеюде. Қазіргі күні Астананың іргесіндегі аудандарда табын-табынымен ұшырасып жүр. Қазіргі уақытта, ең басты мақсаттардың бірі ақбөкендердің  ауыл шаруашылығы алқаптарының аумағына кіруіне жол бермеу.  Жиын барысында тараптардың айтқан ұсыныстары хаттамаға енгізілді. Жыл сайын Қазақстан Республикасында «Ақбөкен» кең ауқымды акциясы өткізіледі. Басты міндет браконьерліктен қорғау болып табылады,−деді Дінәли Айтқожин.

Сонымен қатар, мамандар жыл сайын ақбөкендерді санаумен де айналысады. 2021 жылы облыста 10 635 киік тіркелсе, өткен жылы олардың саны 29 617-ге жетті. Биылғы санақ сәуір айының соңында жүргізіледі. Ақбөкенді аулауға қатаң тыйым салынған.

−Облыс аумағында ақбөкен Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Егіндікөл, Қорғалжын аудандарын мекендейді. Акцияға Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлық құрамы, «Охотзоопром», құқық қорғау органдарының қызметкерлері, табиғи ресурстар басқармасы және табиғатты пайдалануды реттеу жұмылдырылды,−деді Шындос Омаров.

Ақбөкен популяциясын сақтау, браконьерлік фактілерінің алдын алу және қорғау іс-шараларын күшейту мақсатында құзырлы органдар жергілікті тұрғындармен үнемі байланыста.  Сондай-ақ, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар мекендейтін елді мекендерде түсіндіру және үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар