Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын ерте жариялау себебін түсіндірді.
«Құрметті отандастар, 2007 жылы басталған дүниежүзілік дағдарыс өзінің қиын жағдайларын әлі тәмамдаған жоқ. Сол дағдарыс әлі күнге дейін жүріп жатыр. Оның салдарын біз көріп отырмыз. Оның үстінде Ресей мен Батыстың…
