Жанар-жағар май шекті бағамен босатылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ербол Оспанов өңірдің жанар-жағармай нарығындағы жағдайы туралы баяндап берді.

Ағымдағы жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алдында ҚР Энергетика министрі жанар-жағар майдың ішкі нарығындағы жағдайы туралы айтқан болатын. Министрдің айтуынша, үш мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылғаннан кейін еліміздің кейбір өңірлерінде тапшылық туындайды.  Оны қымбат импорттық отын есебінен жабуға тура келеді.

−Үнемі өсіп келе жатқан тұтыну көлемінің негізгі факторларына транзиттік көлік, көрші елдерге тасымалданатын экспорт жатады. Мұның себебі бағаның айтарлықтай айырмашылығында.  Қазақстан жанар-жағар май бағасы ең төмен елдер қатарында. Мысалы, Ресейде дизель отынының құны литріне орташа есеппен 345 теңгені құрайды, бұл 45 пайызға қымбат.

Ал, Қырғызстанда 64 пайызға жоғары болып келеді. Бүгінгі таңда жанармай тапшылығын төмендету үшін бағаны реттеу бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жанар-жағар майды темір жол және автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынды. Сондай-ақ, ресурс ұстаушыларды жанармай құю станцияларына тікелей сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданып, мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізу кезінде өнімсіз делдалдар жойылды. Тапшылықты төмендету үшін өткен жылдың тамыз айында саралаған баға тетігі және жанармай құю лимиті енгізілді, −дейді спикер.

Осыған байланысты, Энергетика министрлігі жанар-жағармай ішкі нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын төмендету, шекті бөлшек сауда бағасын көтеру туралы шешім қабылдады. АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге 182-187-ден литріне  205 теңгеге дейін, ал, дизель бағасы 295 теңгені құрайды. Жиын барысында Ербол Оспанов Ақмола облысындағы жанар-жағар майдың ағымдағы жағдайы жөнінде айтып өтті.

−Облыс аумағында 191 жанармай құю станциялары мен 25 мұнай базасы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда өңірдің жанар-жағар май құю станциясындағы дизель отынының қоры 2026,5 тоннаны, АИ – 92 2393,4 тоннаны құрайды. Дизель отынының орташа бағасы литріне 253, АИ-92 бензині литріне 181,4 теңге шамасында.

Белгіленген шекті бағалардың асып кетуі тіркелген жоқ. Сонымен қатар, туындайтын мәселелерді жедел шешу мақсатында ватсап мессенджері арқылы жұмыс тобы құрылды. Оған ҚР Энергетика министрлігінің, мұнай өңдеу зауыттарының, жанармай құю станцияларының республикалық ірі желілерінің, ірі көтерме жеткізушілердің, өңірлер әкімдіктерінің және жүк тасымалдарының өкілдері кірді. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 74,3 мың тонна кепілдік беретін дизель отынын бөлді,−деп түйіндеді өз сөзін Ербол Оспанов.

Бүгінгі таңда Энергетика министрлігінің базасында дизель отыны мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдау үшін «жедел желі» жұмыс істеуде.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар