Search Results for: Жолдау

Қазақ баспасөзінің келешегі сөз болды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде белгілі журналист, әлеуметтік ғылымдар магистрі Төлен Тілеубайдың жаңа кітабының таныстырылымы өтті. БАҚ мәселесін талқылау түрінде өткен осы басқосуды ашқан алаштанушы-ғалым, аталған университеттің профессоры, журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ: «Алдымызда үлкен саяси маңызды шешім тұр. Қазақстанның келешегін айқындайтын өзгерістер халықтық референдумға шығарылады. Бұл – мемлекеттік жүйені өзгертетін, әділетті Қазақстан орнатуға жасалған нақты қадам. Конституцияның баптарына күрделі өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Журналистика – қоғамның айнасы, қозғаушы күші. Қоғам қандай болса, журналистиканың үні де сондай. Қоғамды өзгертетін де журналистика. Журналистика технологиясы жедел қарқынмен дамуда. Бүгін осы мәселе төңірегінде пікір алмасатын боламыз»,- деді. Қатысушылар «Қазақ баспасөзі халықаралық деңгейде өзге елдердің медиасымен бәсекелесе ала ма?» деген сауалдар төңірегінде ой қозғады. «Kazaknews» ақпарат агенттігінің жетекшісі, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Доған Йылдыз мырза: «Қазақстан…
Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді

Ақордада Президенттің отандық бизнес өкілдерімен кезекті кездесуі өтті. Мемлекет басшысы бизнестің өзекті мәселелерін талқылау жақсы дәстүрге айналып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қаңтар айында болған кездесуден кейін елімізде және әлемде талай нәрсе өзгерді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, еліміздің келешегі экономиканың мықты болуына байланысты және кәсіпкерлер мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек. – Жалпы, жұмысты дұрыс жүргізу үшін мемлекеттік органдардың есебі жеткіліксіз. Елімізде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы сіздердің пікірлеріңізді білу аса маңызды. Мен, ең алдымен, бір мәселені нақты айтқым келеді. «Ойын ережесі» әділ әрі бәріне бірдей болатын ашық экономика саясаты жалғаса береді. Бұл – менің берік ұстанымым. «Майшелпек орындар» мен жайлы қызметтерді үлестіруге жол берілмейді, – деді Президент. Мемлекет басшысы бизнеспен жұмыс істеу кезінде ескі тәсілдерге жол берілмеуі керек екенін атап өтіп, құқық қорғау органдары қызметіндегі кемшіліктерді сынға алды.…
Read More

Халық қалаулылары ел арасында

Өңірімізге ағымдағы жылдың 12 мамыр мен 20  маусым аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері – А.С.Үйсімбаев, Ю.В.Кучинская, М.С.Елубаев пен М.А.Құсайыновтар жұмыс сапарымен келіп, халықпен кездесулер өткізді. Мәжілісмендер сапарының басты мақсаты – Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумды қолдау, яғни халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Сонымен, мамырдың он үші күні халық қалаулылары Бурабай ауданының Кіндікқарағай ауылындағы іске қосылғанына бір жарым жылға жуықтаған сүт-тауарлы фермасының еңбек ұжымымен кездесіп, алдымен  бесінші маусымда өтетін референдумның  маңыздылығына тоқталды. – Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізілмек, бұл 50-ден аса түзетулер деген сөз. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені, реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді. Суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшетін…
Read More

Күрмеулі мәселелер де жоқ емес

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жарқайың ауданының әкімі  Жанболат Хамитовтың қатысуымен «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде аймақтың дамуы» тақырыбында брифинг болып өтті.  Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндалды. Аудан әкімі  өз сөзінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы нақты міндеттердің орындалу барысы, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында ел өміріндегі түйткілді мәселелердің түрлі шешімдерін нұсқап, ел экономикасын, серпінді дамыту бойынша зор міндеттер жүктеп, нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды. «Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз  алдымызға  биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» – деп, Президентіміз өз Жолдауында айтып кетті.  Бұл – жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңа жетістіктерге…
Read More

Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституциялық реформа – Прези­дент­тің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағ­дар­ламасын жүзеге асыру үшін қол­ға алынған маңызды іс-шара. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен то­лық­тырулар жобасын белгілі заң­­гер-құқықтанушылар және конс­­титуциялық құқық саласы­ның ма­мандары әзірледі. Оған Конс­ти­туциялық Кеңес оң бағасын берді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Атап айтқанда, мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған: Суперпрезиденттік бас­қару үлгісі­нен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу; Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; Парламенттің рөлін күшей­тіп, мәртебесін арттыру; Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту; Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру. «Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен…
Read More

Референдум өткізу – саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсінуіміз қажет

Көкшетау қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының және арнайы құрылған партия штабының мүшесі Нұрлан Жаров өзі директоры болып табылатын көпбейінді облыстық ауруханасының ұжымымен Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. «Біз тарихи таңдаудың қарсаңында ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу - саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсінуіміз қажет. Бұл - уақыт талабы. Себебі, ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысу қажет. Президент Қ.Тоқаев суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы біліп, оқып, оған дауыс беруі керек деп санаймын. Бұл азаматтардың иглігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс»,-деді ол өз…
Read More

Мемлекеттік қызметті мінсіз әрі қолжетімді болуы керек

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Ақмола облысының әкімдігі активімен кездесіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексіне енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіріп, мемлекеттік қызметті сервистік сипатта ұйымдастыру, оның имиджін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайында жан-жақты айтып берді. Жиын облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Таткеевтің төрағалығымен өтті. Агенттік төрағасымен өткен жиынғаоблыстық басқармалар мен департтаменттердің басшылары және бейнебайланыс арқылы  аудандар мен қала әкімдері қатысты. Дамудың жаңа кезеңіне қадам басып жатқан Қазақстанда басым бағыттың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстағалы бұл салада тың бастамалар көтеріліп, ілкімді істер қолға алынды. Биылғы Жолдауда да мемлекеттік қызметке қатысты жаңа міндеттер жүктеліп отыр.Президент «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деп үнемі айтып келе­ді. Осыған сәйкес, Жаңа Қазақ­стандағы мемлекеттік қыз­мет бюрократияға жол бермей­тін, сервистік сипатта ұйымдас­тырылуы керек деген болатын Мемлекет басшысы.…
Read More

Ауданда атқарылған істер аз емес

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Бұланды ауданының әкімі Талғат Ерсейітов «Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес  аймақтың даму барысы» деген тақырыпқа брифинг өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді. -Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан- жаңару және жаңғыру жолы» атты биылғы Жолдауында егеменді еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан әрі қарай дамуына,  әр адамның тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған бағыт-бағдарлары айқындалды. Қуатты мемлекет және бәсекеге қабілетті  ұлт қалыптастыру алға қойылды. Ол үшін бізге саяси-экономикалық рефермалар мен қоғамдық сананы жаңғырту  процесін жалғастыру, уақыт сын-тегеуріндеріне бейімделген сапалы жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастыру қажет. Бүгінде осы мақсаттарға жету үшін ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде,- деп бастады брифингтегі сөзін аудан басшысы. Аудан бойынша бүгінгі таңда орташа еңбекақы 205, 760  мың теңге болып, 2021 жылмен салыстырғанда 19,2 пайызға өсті. Шынайы еңбекақы индексі 116,5 пайызды құрады. Экономикалық көрсеткіштердің өсімі бюджеттің кіріс бөлімінің орындалуына…
Read More

«AMANAT» партиясы референдум өткізу бастамасын қолдайды

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бейнеконференция байланысы арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау үшін партияның республикалық штабының алғашқы жиынын өткізді. Жиын барысында Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөніндегі «AMANAT» партиясының үндеуін жариялады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партия республикалық және 17 өңірлік штаб құрды. Олардың құрамына орталықтағы және өңірлердегі «AMANAT» активтері кірді. Аталған жұмыстарды үйлестіруге Парламент пен мәслихаттардағы фракция депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, жастар қанаты мен өңірлердегі филиалдар атсалысады. Партия мүшелері өңірлерде және шалғай елді мекендерде сайлаушылармен кездеседі. Ал Ақмола облысында партия филиалдары жанынан 20 штаб құрылып, бүгін аймақтық штабтың алғашқы жиыны өтті. Облыс бойынша штаб мүшелерінің саны 400-ден асады. Оның 36-сы облыстық штаб мүшелері. Облыстық штабтың төрағасы болып бекітілген Ғалым Бекмағамбетов Партия Төрағасы жүктеген тапсырмалар мен алда өтетін ауқымды да…
Read More

Әскери әуен, салтанатты сап…

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Тәуелсіздік алаңында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз  Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл  толуына және 7 мамыр – Отан   қорғаушы күніне арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында сап түзеу және саптағы әндер байқауы салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі және жеңімпаздарды марапаттады.   Парадты Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальон штабының бастығы, майор Василий Гунько басқарды. Байқауға өңіріміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 30 команда, 500-ге жуық адам қатысты. Олардың 8-і қыздар командасы. –Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, азаматтық борышты орындау үшін жауапкершілік сезімі мектеп қабырғасынан бастап, өмір бойы жалғаса беретінін айта кетуіміз керек. Біз басты құндылықтар тәуелсіздікті, бейбітшілік пен татулықты ғасырлар бойы сақтауға тиіспіз. Осы құндылықтарды қорғай білу әрбір қазақстандықтың борышы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»…
Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнеүндеуі

Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, Мен биыл халыққа Жолдауымда саяси жаңғыру туралы ауқымды бағдарлама ұсындым. Бұл құжат қоғамда жан-жақты талқыланды. Сарапшылар қауымы және белсенді азаматтар осыған қатысты өз пікірін білдірді. Қалың көпшілік қолдау көрсетті. Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр. Азаматтарымыз мемлекетті басқару ісіне қатысуға кең мүмкіндік берілгенін қалайды. Сондай-ақ саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру қажет деп санайды. Мұны тиімді жүзеге асыру үшін Ата заңымызға өзгерістер енгізу қажет. Бір сөзбен айтқанда, конституциялық реформа жасау керек. Осыған орай менің тапсырмаммен арнаулы жұмыс тобы құрылды. Оған белгілі құқықтанушы ғалымдар, тәжірибелі сарапшылар және құзырлы органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы Негізгі заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын әзірледі. Оны мұқият зерделеп, Конституциялық кеңеске жолдадық. Бұл орган өз қорытындысын ұсынды. Құжат жобасы Ата заң нормаларына сай…
Read More

Ақмола облысының əкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар! Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл тамаша көктем мерекесі ежелгі қазақ жерін мекендеген адамдардың ең асқақ армандарын бейнелейді. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей отырып, тұтастығы мен мемлекеттілігін нығайтуға ұмтылды. Достық пен ынтымақтастық, өзара құрмет пен сенім құндылықтары тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады. 105 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратын Ақмола өңірі қашанда халықтар достығының бесігіне айналған. Ынтымағымыздың арқасында экономиканың барлық салалары мен әлеуметтік сала серпінді дамып, халықтың өмір сүру деңгейі арта түсуде. Біз пандемия сынағын абыроймен еңсеріп, қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде аймақтағы тұрақтылықты сақтай алдық. Міне, бұл – барша ақмолалықтардың: медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қиыншылықтарға қарамастан, қарапайым ауыл еңбеккерлерімен тұрғын үйлер салып, егін егіп, жол төсеу жұмыстарын жалғастырып келе жатқан  өзге де еңбеккерлердің маңдай…
Read More

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ МЕН «АРҚА АЖАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ

Бейбітшілік пен тұрақтылық – басты байлығымыз Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстанда жыл сайын атап өтілетін достық пен татулықтың мейрамы. 1995 жылдың 18 қазанында Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланған болатын. Мереке 1996 жылдан бастап аталып өтіліп келеді. Мақсаты ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау болып табылады. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел оң тірлік жасаудан жалыққан емес. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» деген қағиданы ұстанған біздер үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақ астында тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқанын әйгілейді. Сонымен, Қазақстан халқының бірлігі күні – бейбітшілік пен татулықты, достық пен ертеңге…
Read More

Студент жастар Халық Қаһарманымен кездесті

Халық Қаһарманы, армия генералы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының V шақырылымының депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевпен және экономика ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі, Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының V-VI шақырылымының депутаты, мемлекет қайраткері Анатолий Афанасьевич Башмаков ордалы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетініңәскери кафедрасында болып, курсанттармен және профессорлық-оқытушылық құраммен, сондай-ақ, университеттің ардагер ұстаздарымен кездесті. Тағылымы мол танымды іс-шараны университет ректоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Сағынтай Елубаев ашып, жүргізіп отырды. Биыл аталмыш әскери кафедраның құрылғанына 10 жыл. Осы мерейлі дата қарсаңында кафедра негізін қалаушы көрнекті мемлекет қайраткерлерімен кездесу кешінің ұйымдастырылуы да қуаныш сезімін еселей түскендей. Қазіргі таңда әскери кафедрада 254 студент білім алуда. Он жылдың ішінде мыңға жуық түлек түлеп ұшқан. Салтанатты жиында халқымыздың аяулы перзенті Мұхтар Алтынбаев университет ректоры Сағынтай Елубаеқа республикалық ардагерлер кеңесінің атынан жастарғаәскери-патриоттық тәрбие беру ісіне қосқан…
Read More

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді. Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті. – Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады. Дереккөз: www.akorda.kz
Read More