Search Results for: Жолдау

Даму көрсеткіштері бойынша алдыңғы орында

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шортанды ауданының әкімі Бауыржан Мәлғаждаров Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы аясында аймақта атқарылып жатқан іс-шаралар туралы брифинг өткізді.   –Біздің аудан экономикалық даму көрсеткіштері бойынша облыста алдыңғы орында. Нақтырақ айтсақ, ауданға түскен инвестиция көлемі 118,6 пайызды, өнеркәсіп өндірісі 192,3 пайызды, ауыл шаруашылығы өндірісі – 101,6 пайызды, сауда 104,8 пайызды құрады, құрылыс-жөндеу жұмыстары 2 есеге дейін өсіп, тұрғын үйді пайдалануға беру 106,5 пайызға жетті. Еңбекақы төлеудің шынайы өсім индексі айтарлықтай өсіп, аудан облыс бойынша жалақы төлеуден бірінші орынға шықтық. Орташа еңбекақы 222,6 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 60,7 мың теңгеге өсті, –деді Бауыржан Мәлғаждаров. Аймақтың экономикалық өсім көрсеткіштері бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуына оң ықпалын тигізіпті. 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке 489,6 миллион теңге салық түсіпті, бұл жоспардың 123,4 пайызын құрайды. Инвестициялық салымдар жаңа кәсіпорындар мен жұмыс…
Read More

Жаз – алда тұрған міндеттерді шешудің қолайлы кезеңі

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік мәжілісінде облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл басынан бергі жай-жапсары және өткен жылу беру маусымының қорытындылары мен алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев өткен төрт айда аймақ бойынша дамудың жағымды динамикасы сақталғандығын атап өтті. Облыс өнеркәсіп, оның ішінде өңдеу, негізгі капиталға инвестициялар салу және құрылыс жүргізу көрсеткіштері бойынша елімізде алғашқы бестікке енді. Инфляция бойынша сегізінші орында тұрмыз. Орташа айлық жалақыдан өткен жылдағы 12-інші орын әлі сақталып отыр. Жалпы алғанда, республика бойынша негізгі көрсеткіштерден алдыңғы орындардың бірінде келе жатқан облысымызда өткен жылдағы қарқын сақталып, кейде тіпті артып отыр. Айталық, металлургияда өсім 4,6 болса, құрылыс материалдарын өндіруде 1,7 есе өсімге қол жеткізілген. Химия өнеркәсібінде көрсеткіш 23,6 пайызға алға…
Read More

Егіншілік саласына басымдық беріліліп отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Баяхметов ауданда ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабарлама жасады. –Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда одан әрі дамуының, әр адамның тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған бағыт-бағдарламалары айқындалған  болатын. Осы мақсаттарға жету үшін Есіл ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деп бастады сөзін Еркебұлан  Баяхметов. Аудан экономиксының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады және аудан тұрғындарының көп бөлігі осы салада еңбек етеді. Ағымдағы жылы барлығы 471,9 мың гектар жерге егін егу жоспарланған. Оның 439,0 мың гектары дәнді  және бұршақ дақылдары болмақшы. Мәселен, 9,6 мың гектарға  күнбағыс, 953 гектарға қыша, 8,8 мың гектар жергемақсары егілмек. Майлы дақылдар дәні 21,1 мың гектар жерге сіңірілмекші. Мал азығы 8,4 мың гектар, картоп 420, көкөніс 60 гектар жерге…
Read More

Ауданда дәрігер мамандар тапшы

Өңірлік коммуникацияларқызметінде Жақсы ауданының әкімі Алмагүл Қадыралинаның қатысуымен «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде аймақтың дамуы»тақырыбында брифинг болып өтті. Жиын барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндалды. Аудан әкімі  өз сөзіндеМемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы нақты міндеттердің орындалу барысы, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ілкімді істерімен көш ілгері келе жатқан Жақсы ауданында атқарылып жатқан ауқымды істер бар. Ағымдағы жылдың төрт айында аудан экономикасын дамытуға шамамен 2,0 миллиард теңге бағытталды. Өнеркәсіп кәсіпорындары 1,0 миллиард теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың алдыңғы кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызға жоғары. Ұн өндірісі 18,8 пайызға, жем-шөп қоры 13,5 пайызға, ірімшік 25,0 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, тірі салмақта ет өндіру 1,8 пайызға немесе 18,8 тоннаға артқан. –Қазіргі уақытта егіс науқанын уақтылы жүргізу…
Read More

Ата Заң эволюциясы

Қазақ даласында рулық, тайпалық, хандық-мемлекеттік түсінік қалыптаса бастағаннан бері жалпыға ортақ белгілі бір тәртіпке деген сұраныстың туындағаны сөзсіз. Десе де бұл туралы құжатты деректер жоқтың қасы. Не болмаса бұл түсініктер тіпті де қағаз бетіне түспеген, не болмаса жаугершілік заманындағы соғыс салдарынан ізім-қайым жоғалған. Осы күнге дейін бар екендігі нақты дәлелденіп, қандай да бір тарихи дәлелі бар болып саналатын ең көне заң – Шыңғыс ханның «Ұлы жасағы». Қазіргі таңда бұл заңның түпнұсқасы сақталмағаны туралы бірден айтуымыз керек. Бірақ бұл заңның таңбаға түсіп, нақтылы күшке ие болғаны туралы тарихи деректер жетіп артылады. Мысал ретінде Шыңғыс ханның: «Мемлекеттің меншігін жөнге салып, дау-дамайларды реттеп, ол туралы көк дәптерге жазып отыруы шарт, Шихихутугтің менімен келісіп шешіп, ақ қағазға көк сиямен түсірген хаттамаларын ұрпақтан ұр­паққа дейін ешкім бұзбайтын болсын», деген сөзі тарихта қал­ғанын айтуға болады. Шыңғыс…
Read More

Белсене қатысып, дауыс беруге шақырды

Ш.Уәлиханов атындағы  университеттің конференц залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының  докторы  Сауытбек Абдрахманов «Ақмола-«Тіршілік» ЖШС-іне қарасты «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттері, «Ақмола ньюс» порталы және қалалық «Көкшетау», «Степной маяк» газеттерінің журналистерімен  алдағы 5 маусым күні Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу мақсатында өтетін  референдумның маңызы мен мазмұны жөнінде кездесу  өткізді. Кездесуді «Ақмола-«Тіршілік» ЖШС-інің директоры, Сенаторлар Кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев жүргізді. Мәжіліс депутаты, ғалым, қаламгер Сауытбек Абдрахманов елімізде ағымдағы жылдың 5 маусымына белгіленген Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізуге арналған референдумның маңыздылығы, онда ұсынылған өзгерістер, ол өзгерістер әкелер ерекшеліктер мен жаңалықтар туралы әңгімеледі. Парламенттің рөлін күшейтудегі, суперпрезиденттік басқарудан біртіндеп бас тартудағы мақсат, партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне жол бермеудің, өкілді билік тармағын қайта құрудың игі ықпалы, тағы басқа мәселелерге кеңінен тоқтала келіп, Конституциядағы өзгерістердің Жаңа Қазақстанды құруға негіз болуындағы маңызын атады. – Тәуелсіздіктің…
Read More

Азаматтардың өз еркін білдіруінің төте жолы

2022 жылдың 5 маусымында біздің еліміз үшін тарихи оқиға орын алғалы отыр. Бұл күні Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді. Қазақстан Республикасының Президенті бұл Жарлыққа 5 мамыр күні қол қойды. Конституцияға түзетулер жөніндегі республикалық референдумға дауыс беретін күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие кез-келген азамат қатыса алады. Референдум өткізілуі үшін оған референдумға қатысу тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысуы керек. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1 сәуірдегі мәліметі бойынша сайлаушылар реестріне Қазақстанның 11 695 439 азаматы енгізілген. Елімізде референдумның өтетін күні тағайындалғаннан кейін үгіт науқаны өріс алды. Ол 2022 жылдың 4 маусымы күні 12.00 сағатта аяқталуы тиіс. Сайлау заңдылығына сәйкес үгіт жұмыстарына референдумның алдындағы күні және ол өтетін күні тыйым салынады. Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері үгіт науқанына белсенді кірісіп кетті. Олар…
Read More

Конституцияға енгізілетін түзетулер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституциялық реформа – Президенттің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара болып табыалды. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың барлығы өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Атап айтқанда, төменде көрсетілген мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған: суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу; бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру; елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту; азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру. Халыққа…
Read More

Референдум аясындағы кездесу

Алдағы өзгерістерге қатысты жер-жерде сарапшылардың қатысуымен өтетін талқылауларға барлық белсенді халық қатысуы тиіс. Себебі, осының негізінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер екшеледі. Референдумда Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізу арқылы алдағы уақытта 20-дан астам заң жаңаша редакцияланатын болады. Бұл нақты қандай өзгерістер мен түзетулер?! Міне, осыны түсіндіру мақсатында бүгін «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі Ирина Жукова мен партияның аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Ахмедия Қожамсейітов Шортанды кентінің №2 мектебінің ұстаздар қауымымен кездесті. Референдумның маңызы жайында сұхбат құрды. «Референдум – Жолдауда жариялаған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді. Оған қоса, бұл реформалар Президент соңғы жылдары ұсынып келе жатқан саяси бастамалардың логикалық жалғасы десек, қателеспейміз. Мысалы, сол кезде Мемлекет басшысы шешім қабылдауға азаматтарды белсенді…
Read More

Әр салада ауқымды жұмыстар атқарылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңына келген Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы тапсырмаларын  жүзеге асыру мақсатында ауданда  атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, баспасөз өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Президент Жолдауының басты мақсаты – қуатты мемлекет және бәсекеге қабілетті халық. Алда бірқатар саяси реформалар жүзеге асырылып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, еліміздің  экономикасы  екпінді дами  түсуге тиіс.  Сандықтау ауданында да осы міндеттерді орындау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы ауданның экономикасының  негізгі бағыты болып табылады. Биыл 324 795 гектар жерге дән егіледі. Оның 307 212 гектары астық және бұршақ тектес дақылдар,10352,7 гектары майлы дақылдар. Ал, 6618 гектары көпжылдық дақылдар мен жүгеріні қосқанда мал азығы болып табылады. 521,7 гектарға картоп, 90,4 гектарға көкөніс егіледі. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2021…
Read More

Өңірдің ахуалы жаман емес

Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Біржан сал ауданының әкімі Досбек Есжановтың Мемлекет басшысының Жолдауының аясында аумақтық даму туралы брифингі болып өтті. Әкім өз сөзінде  жер жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мемлекеттік қорға 28 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды деді. Оның ішінде 9 мың гектар егістік, 19 мың гектар жайылымдық алқап. Қазіргі таңда жалпы ауданы 100 мың гектар жер тапшылығы бар және де бұл мәселе туралы жұмыстар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Сонымен қатар, аудандағы азаматтарды жұмыспен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы жылы 267 тұрғын  әлеуметтік көмек  алса, 156 тұрғын жұмысқа орналасу бойынша жүгінген, соның 131-і жұмыспен қамтылған. Әлі де 97 тұрғын жұмыссыз. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Үлгілі ауылында спорт алаңын орнатуға 20 миллион теңге бөлу қарастырылуда, Аңғалбатыр ауылында спорт алаңын орнатуға 20 миллион теңге бөлінді. Жастардың бос уақытында…
Read More

Диалог алаңында – көшбасшы жастар

Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының педагогикалық колледжінде референдумның мән-маңызын түсіндіруге арналған диалог алаңы ұйымдастырылды. Дені жастар қатысқан іс-шараға облыстық және өңірлік жастар ресурстық орта­лықтарының қызмет­кер­лері, студенттер, жас­тар ұйымдарының басшылары мен көшбасшылары белсенді қатысты. Сондай-ақ пікірталас алаңына келген Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, Amanat партиясы қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова, «Ұлан-ғайыр дала елі» қо­ғам­дық бірлестігінің же­текшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валихан Бахретдинов, «Жас­тар қызметкерлері қауым­дастығы» ҚБ төрағасы Нұрлыбай Наурызбаев және «Есірткісіз болашақ» КҚ атқарушы директоры Жан­дос Ақтаев жастарға Кон­с­ти­туцияға енгізі­летін өзге­рістер мен то­лық­­тыру­лар­дың ма­ңыз­дылы­ғын түсін­діріп, ал­да­ғы рефе­рен­дум­ға белсенді атсалысуға шақыр­ды. Іс-шараның модераторы, «Қазақстан жастар конгресі» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры, Жас­тар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі Тоқтар Болысов референдумның Жолдауда жарияланған реформаларды халықтың таңдауымен жүзеге асыруға жол ашатынын атап өтті. «Мемлекет басшысы әрқашанда…
Read More

Халық атынан басқарудан – халықпен басқаруға

Әрбір мемлекеттің дамуында тағдыршешті кезеңдер болады. Жаңа мемлекеттік құрылымдарды қалыптастырып, біртұтас ел болудың мақсат-мұратын Президент өзінің сайлауалды бағдарламасынан бері айтып келеді. Алдағы асуларымыздың нақты қадамдарын Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында тағы бір ресми түрде нақтылады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылын­да­ғы табыстар алға жетелесе, ал уақтылы шешілмеген қай­шы­лық­тар саяси проблемаға айналды. Саясаттағы проблема дегеніміз – туындаған жағдайларды оңтайлы және уақтылы шешуге қоғамдық деңгейде өзара келісімге келе алмау. Келіспеушіліктің себеп­те­рі­не: саяси жүйенің тұйықталуы, экономиканың әлсізденуі, әлеу­мет­тік мәселелердің ұзақ жылдар дұрыс реттелмеуі, халықтың саяси­­­ процестерден, саяси шешім қабылдаудан шеттетілуі жатады. Бұны қоғамдық келісім мүше­ле­рінің құқықтарының қақтығысы деп те айтуға болады. Теория бойынша қоғамдық деңгейде келісімге қатысушылар билікті бірдей бөлісе алса ғана демократияны сезіне аламыз. Ол үшін әр адам өз құқығын көпшіліктің мүддесі жолында шектей алуы тиіс. Біздің жағдайда әлемдік және 30 жылдық өмір тәжірибемізді сауатты үйлестіре…
Read More

Атқарылған жүйелі жұмыстар бар

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Мұхамедин «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберінде аумақтық даму туралы» баяндап, брифинг аясында журналистердің сұрақтарына жауап берді және алдағы жұмыс жоспарларынан сөз қозғады.   –  Мемлекет басшысының  биылғы Жолдауының астарында еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағынан әрі қарай дамуына, әр адамның тұрмыстық жағдайын жақсартуға арналған бағыт-бағдарламалары айқындалды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан – жаңару және жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауының басты мақсаты қуатты мемлекет және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру болып табылады. Ол үшін бізге саяси-экономикалық реформалар мен қоғамдық сананы жаңғырту процесін жалғастыру, уақыт сын-тегеуріндеріне бейімделген сапалы жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастыру қажет.Бүгінде осы мақсаттарға жету үшін ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының белгіленген бағдарламасына сүйене отырып, экономикалық және әлеуметтік даму жолында сеніммен алға қадам басудамыз. Іс жүзінде 2022 жылға қойылған барлық негізгі жоспарлар мен тапсырмалар орындалады деп отырмыз, –…
Read More

Қолға алынған істер бүгінгі және ертеңгі ілгерілеудің жолы

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңының кезекті қонағы Ақкөл ауданының әкімі Юрий Куришин болды. Ол «Мемлекет басшысының Жолдауы шеңберіндегі аумақтық даму туралы» атты тақырыпқа баяндама жасап, брифингке қатысып отырған және баяндаманы онлайн режимде тыңдаған журналистердің сұрақтарына жауап берді. Баяндамашы Ақкөл ауданында ағымдағы жылдың төрт айында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы сақталғанын айтты. Тек тұрғын үйлерді уақытында тапсыру жөнінен ғана кешеуілдеу бар.Ауданда өнеркәсіп өнімдері 1,7 миллиард теңгеге өндірілген. Өнеркәсіптің  нақты өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларына 118,3 пайызды құрады.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2,6 миллиард теңге болып, нақты өнім көрсеткіші 101,5 пайызды көрсетті. Ал, мал шаруашылығының нақты өнім көрсеткіші 101,5 пайыз. Өсім ет, сүт, сиыр, қой, ешкі, жылқы және құс  санының көбейгенінен болып отыр.Ағымдағы жылы 115,0 мың гектар жерге егін егу жоспарланған. Оның 139,0 мың гектары дәнді және бұршақты дәнді дақылдар болмақ. Қазір көктемгі…
Read More