Search Results for: Жолдау

«Қазақстан халқына» қорының шарапаты

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев облыстық әкімдікте «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстел отырысына қатысып, қордың аймаққа көрсетілетін қайырымдылық көмегіне қатысты  мәселелерді пысықтады. Басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, дөңгелек үстел Ұлттық қайырымдылық бойынша өңірдің қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылау мен айқындау мақсатында өткізіліп отыр. Ақмола облысына келгенге дейін Қор денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет секілдіәлеуметтік салалар бойынша коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен 21 онлайн кездесу өткізіп, жұртшылықты толғандыратын мәселелержөнінде Қордың атсалысуымен шешілетін 100-ден астам ұсыныс алыпты. Қор қазақстандықтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі проблемаларын шешу   ге бағытталған жалпы сомасы 146,5 миллиард теңгеге 40-тан астам қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен…
Read More

Жұмыспен қамту шаралары күн  тәртібінен ешқашан түспейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде, «Ақмола облысында жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды қолдау және экономикалық өсуге жағдай жасау бойынша іске асырылып жатқан шаралар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифинг спикері Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина атқарылған жұмыстарға және Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерге тоқталды. Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылы 31500жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, бүгінде оның 21400-і құрылған. Бұл68 пайызды құрайды.Оныңішіндеон ұлттық жоба аясында 5767 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 3700адамнемесе 64 пайызы жұмысқа орналастырылған.Жобалар аясында құрылған жұмыс орындарының ең көп үлесі – «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі» жобаға тиесілі. Ол арқылы 1700-ден астам жұмыс орны құрылған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2670 адам тартылған. Бұл –  жоспардың 110 пайызы. –Мен осы ретте, үш бағытқа назар аударғым келеді, – деді Шолпан Рахматуллина.– Бірінші бағыт –«Алғашқы жұмыс»…
Read More

Қойылған міндет – ұдайы жұмысты қадағалап, бақылауда ұстау

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Егіндікөл ауданына барды. Аймақ басшысы өңірде егін орағының барысымен танысып және бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аудан активін өткізді. Облыс әкімі алдымен Ұзынкөл ауылында «Ушаково Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Мұнда ауыл шаруашылығы алқаптары 24331 гектар, жайылым  4414 гектар, ал, егістік алқаптары 19831 гектарды құрайды. Техника паркі барлық қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Серіктестіктің басшысы Бақтияр Ысқақовтың айтуынша, бүгінгі таңда астық жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Осы жұмысқа 24 комбайн жұмылдырылған. Бір комбайнтәулігіне орта есеппен 60-70 гектар алқаптың егінін орып, бастырады. −Жалпы, шаруашылықтағы жағдай тұрақты, жанар-жағар май қоры жеткілікті, шарттардың мерзімін ұзарту талап етілмейді, – дейді басшы. Сонымен қатар, мұнда мал шаруашылығы да даму қарқынын арттыруда. Атап айтқанда, серіктестік қой және 600 басірі қара мал өсірумен айналысады.Облыс әкімі сол арада ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларына…
Read More

Жұмыс берушілер еңбек заңнамасының талаптарына мұқият болулары тиіс

Биыл 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Құжатта Кәсіподақтар федерациясы әрдайым түрлі алаңдарда көтеріп жүрген қарапайым еңбек адамына лайықты жағдайды қамтамасыз ету, еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мәселесіне де баса көңіл бөлінді. Осы мақсатта Ақмола облысының еңбек инспекциясы басқармасы ақмолалық   азаматтардың еңбек құ­қы­ғының негізге алынатын кепілдіктері, атап айт­қанда, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау, ең­бегі үшін сыйақы алу, ең­бек қауіпсіздігі жағдай­ла­ры, демалу және жұ­мыс­сыздықтан әлеуметтік қорға­­лу құқықтары бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Қызметкерлердің, мердігерлік ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың қызметкерлерінің, өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелдерді жою, жұмыстардың қауіпсіз орындалуы мекеменің басты мақсаты болып табылады. Биылғы Жолдауға қатыстыАқмола облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы ағымдағы жылдың басынан бастап еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың 861…
Read More

Аймағымызға көшіп келгендерден көшіп кеткендердің қарасы басым болып отыр

Қазақстанда халық саны биылғы жылғы тамыз айындағы көрсеткіш бойынша 19,621,425 адам болды. Оның 1,117,600-ін көшіп келген этникалық қазақтар құрайды. Бұл, биылғы жылғы 1шілдедегі көрсеткіш. Халық саны тәуелсіздік алғанда 16,7 миллион болса,  кейін келіп, бұл межені 16,3 миллионмен  2010 жылы қайталаған. Себебі, іргетасы енді басталған жас мемлекеттен сол жылдары көшушілердің  саны  3 миллионға жеткен. Осы шетелге көшкен халық санының 33 пайызы кейін этникалық қазақтармен толықтырылған. Қалған пайызын халқымыздың табиғи өсімі құрап отыр. Бұл көрсеткіштер арқылы халқымыздың өсімімен демографиялық өзгерістерін анықтай аламыз. Халық саны бойынша еліміз әлемде  62 орында тұр. Жеріміз кең, айналамызда Қытай, Ресей сынды алып елдермен шекараласпыз. Сол себепті, демографиялық өсімімізді жылдан-жылға жоғарылату және өз ұлтымыздың есебін жақсарту Отанымыз үшін өте маңызды. Халық тығыздығы бойынша әлем елдерінің соңғы қатарынан көрінеміз. Жеріміздің әр шаршы шақырымына орта есеппен  6,7 адамнан ғана келіп…
Read More

Ұлыларымыздың тіл туралы аманатына адал болайық

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың  қатысуымен және құттықтау сөз сөйлеуімен Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.      Өңір басшысы алдымен, мәдениет сарайының фойесінде ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалап, ұсынылған ақпаратпен танысып шықты. Көрмеге ақпараттық стендтер, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту бойынша оқу құралдары, әдістемелік құралдар қойылған. Салтанатты жиынға облысымыздың зиялы қауымы, тіл жанашырлары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.  Іс-шара барысында тіл саясатында нәтижелі еңбектерімен ерекшеленген ақмолалықтар марапатталып,  бір топ қатысушыларғаҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ақмола облысы әкімінің  Алғыс хаттары және биылғы жылы алғашқы рет өткізіліп отырған «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздары мен  мемлекеттік тілді насихаттауға арналған республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етілді. –Халқымыздың басты мейрамдарының бірі – Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл айтулы мерекені ұлтына адал қызмет…
Read More

Болашақты бағдарлап, баянды етудің нақты бағдары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы  Жолдауымен алғаш танысқан сәттен бастап,оның негізгі мағынасы елдің экономикалық әлеуетін реформалауға және жетілдіруге бағытталғанын байқаймыз. Осы орайда, Президенттің кезекті Жолдауы алдымызға нақты жоспар мен мығым мақсаттарды бағдарлап беріп отыр. Бұл ең алдымен, халықтың әлеуметтік   жағдайын күшейтуге ықпал етеді. Жоспар нақтыланбай, мақсат айқындалмайды. Өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бет бұру да мүмкін емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы әр Жолдауында дамудың жаңа  бағыттарын  белгілеп, елдің жағдайын көтеруге ерекше көңіл бөліп келеді.Осы күнге дейінгі Мемлекет басшысының белгілеп берген бағыттарының басым көпшілігі жүзеге асты деуге болады. Мәселен, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы екі есеге артса, дәрігерлердің жалақысы да айтарлықтай өсті. Халыққа зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік берілді. Бала күтімі бойынша демалыс 1,5 жасқа дейін ұзартылды және әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 жасқа дейін төмендеді. Сонымен қатар, республика бойыншаигерілмеген немесе заңсыз берілген8…
Read More

Отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық

 «Болашақ»  сарайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен  Отбасы күнін мерекелеу аясында өткен «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттау салтанаты болып өтті. Жиын барысында облыс әкімі  үлгілі отбасылармен жүздесіп, олардың ұлт болашағы жолында атқарып жатқан ізгі істері мен тағылымды ұстанымдары үшін алғыс білдірді. Өңірлік байқауда жүзден жүйрік атанған жеті отбасына аймақ басшысы дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.           «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бастау алғанына биыл 10 жыл толып отыр. Осы он жылда Ақмола облысынанөңірлік  байқауға 1000-ға жуық отбасы қатысып, өзара бақ сынасқан. Аталмыш байқаудың адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға қосқан үлесі зор. Жыл сайын байқауға қатысамын деуші отбасылар қатары арта түскен. Бір ғана мысал, биылдың өзіндеоблыстық кезеңге 100-ге жуық өтінім беріліпті. Облыстық комиссия отырысының ұйғарымымен жүзден…
Read More

5 қарашада өтетін сайлауда бес ауданның әкімі сайланады

Кеше сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясы болып өтті. Сессияда облыс әкімі Марат Ахметжанов «Ақмола облысының пилоттық өңірлерінің тізбесін және аудан әкімдерін сайлау күнін белгілеу туралы» сөз сөйледі. Облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіповтің төрағалығымен өткен сессияның отырысына облыс прокурорының бірінші орынбасары Владимир Малахов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов және 28 депутат қатысты. Облыс әкімі депутаттарға Ақмола облысының әкімі лауазымына өзінің кандидатурасын қолдағандары үшін алғысын айта келе: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында көзделген міндет-талаптарды жұмыла орындап, азаматтарды алаңдататын мәселелерді нақтылап, оларды шешу бағытында жұмыс істеуді жолға қоюымызкерек. Жалпы, биыл елімізде алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өтеді. Бұл ел Президентінің Жолдауда белгілеп берген саяси реформаларының жалғасы, саяси процесті демократияландыруға және азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған пилоттық жоба. Бүгінгі…
Read More

«Шағын және орта бизнестің дамуы оң нәтижелі»

«Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет». Бұл мемлекет басшысының жаңа жолдауындағы орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағыттаған толғамды ойы. «Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді», - дейді Президентіміз. Және орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жойып, шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру, заң жобаларына өзгерістер енгізу керектігін айтып жеткізді. Оның ұсынысы сонымен қатар экономиканың осы секторын дамытуға бағытталған кешенді бағдарлама құру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын біріктіруді қамтиды. Осы тұрғыда, Кәсіпкерлік палатасында…
Read More

Жарқын болашаққа қол жеткізудің нақты қадамы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына жолдаған  «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» тақырыбындағы Жолдауында еліміздің өркендеуі жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттер белгіленіп, салалар бойынша басшыларға нақты тапсырмалар берілді.  Білім қызметкері, ұлт болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеп отырған адам ретінде мен де Мемлекет басшысының Жолдауын жыл сайын асыға күтіп, білім саласына қатысты реформаларды қолдап, мүддеміз айқындалып, міндетіміз еселене түскендігін аңғара түсемін. Және осыған сай тынымсыз қызмет етіп, ізденісте болуды өзімнің өмірлік мұратым деп білемін. Мемлекет басшысының Жолдауы Білім күнімен тұспа-тұс келуі де білім саласының қызметкерлері үшін зор мәртебе болуымен бірге, жұмысымызға да тың серпін беретін бір қуат көзі. Ел Президенті Жолдаудың басында «Бүгінде менің бастамаларымның басым көпшілігі жүзеге асты. Бірқатар жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда, халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020…
Read More

Астық жинау  қарқынды жүргізілсін! Арнайы комиссия құрылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірлер бойынша алғашқы сапарын Атбасар ауданынан бастап, егін жинау науқанының проблемалық мәселелері бойынша облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті. Мемлекет басшысының Жолдауы аясында облыс әкімі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңыздылығын атап өтіп, шығындарды азайту үшін барлық шаралар қабылданатынын жеткізді. – Ең бастысы – ауарайының жақсаруын пайдаланып, егін жинауды ұйымдасқан түрде аяқтау. Маған барлық мүдделі органдардың қатысуымен және бірінші орынбасарымның басшылығымен комиссия құру тапсырылды, ол өз кезегінде проблемалық мәселелерге талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне хат жолдайды.Біз мемлекетке және облыс әкімі ретінде маған қатысты барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере келе, экономиканың нақты секторына ерекше назар аударып отыр. Біздің облыс ірі агроөнеркәсіптік өңір болып табылады.Сіздер тек облысты ғана емес, елді де тамақтандырасыздар, – деп атап…
Read More

Жаңа бастамалар ел мүддесінен туындап отыр

Білім күні мерекесімен тұспа-тұс келген ел Президентінің биылғы Жолдауы баршамыздың ерекше назарымызды аудартты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің  әлеуметтік-экономикалық дамуы, атап айтсақ, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, ғылым және білім беру жүйесі, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, жалпы, адам әлеуетін көтеру мәселелеріне тоқталды. Бір сөзбен айтар болсақ, кезекті Жолдаудың еліміздің болашағына арналғаны хақ. Осы айтылғандардың дәлелі ретінде ел Президенті: «Әділетті  Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Ең алдымен, азаматтардың қоғамдық саласымен ұмтылысын өзгерту керек, онсыз қалған жұмыстың бәрі бекер. Еліміз үшін ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың маңызы ерекше. Барлық азаматтардың, әсіресе, жастардың бойында ең жақсы қасиеттер болу керек – бұл қоғамның құндылықтарының біртұтас жүйесін құрайды. Әрбір адам ұлтжанды, білімді, еңбекқор, тәртіпті, жауапкершілікті, әділетті, үнемшіл, жанашыр болса, біз үшін қол жетпес биіктер болмайды», –  деп өз ойын дәл…
Read More

Қорғаныс мәселелері де назардан тыс қалмады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекеттің экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің басшылығы барлық жеке құраммен бірге мұқият тыңдап, танысып шықтық. Осы жылғы Жолдау Мемлекет басшысының Парламент депутаттарын құттықтап, көптеген заң жобасына бастамашылық етіп, өзекті мәселелерді батыл көтергендері үшін алғысын білдіруімен басталды. Шын мәнінде, биылғы жылы сайланған ел қалаулылары тың қарқынмен іске кірісіп, халықпен тығыз жұмыс атқарып келгені байқалады. Жолдаудың қызу талқыға түскен мәселелерінің бірі – аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін халық өз дауыстарын беріп, сайлау арқылы тағайындалатыны. Бұл – елдегі саяси жүйені одан әрі жетілдіріп, демократияға бағытталған маңызды қадам деуге болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлер мен әкімдер салалық шешімдерді дайындау мен орындауда үлкен дербестікке ие болды. Бұл реформаны өз басым құптаймын. Себебі, дербес құқыққа…
Read More

Өтініштер тұжырымдама қағидатына сай қаралады

Мемлекет басшысының бұдан бұрынғы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу қажеттілігі атап көрсетілген еді. Біздің комитет те оны тиімді іске асыруға белсене қатысты. Аталған стратегиялық тапсырма Президенттің 2020 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында» өз көрінісін тапты. Тұжырымдаманың басты мақсаты «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын, яғни, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында кері байланысты қалыптастыру үшін азаматтардың сындарлы сұраныстарына жедел әрі тиімді ден қою моделін енгізу болып табылады. Осы ретте, комитет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ел бойынша «е-Otinish» ақпараттық жүйесін іске қосты. Бұл жүйе өтініш берудің рәсімін едәуір жеңілдетті. Мысалы, бұрын азаматтар өтініш беру үшін мемлекеттік органға келіп, өтінішті қағаз күйінде тапсырып, оны қарау барысын кеңсеге…
Read More